Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Ақпарат танымдық порталы

Бейсенбі, 16.05.2024
Главная » Файлы » Білім және ғылым » Экономика, Қаржы, Бухгалтерлік іс, Банктік іс, Салық!

В категории материалов: 215
Показано материалов: 181-190
Страницы: « 1 2 ... 17 18 19 20 21 22 »

Сортировать по: Күні
Қазақстан Республикасының инвестициялық қызметі
Енгізген: ERbol | күні: 10.07.2011

Кіріспе

 Қазіргі кезде Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан инвестициялық процесс әлеуметтік – экономикалық дамуымыздың негізгі алғы шартына айналып, еліміздегі реформаларды табысты іске асырудың басты себебі болып отыр. Инвестициялар кез – келген ұлттық экономиканың маңызды да қажетті қоры болып саналады. Инвестициялық жобаларды іске асыру өндірісті жетілдіріп, сатылатын тауарлардың сапасын арттыру онымен қоса жұмыс орындарының көбейіп, тұрғындарды еңбекпен толығымен қамтамасыз етуге, сөйтіп халқымыздың өмір деңгейінің өсуіне мүмкіндік береді. Сонымен, елімізде жүргізіліп жатқан инвестициялық процесті экономикалық пайда кіргізіп, әлеуметтік саланың өркендеуіне жағдай жасайтын қызмет деп қарастыруымыз керек. Осыған орай, инвестициялық іс - әрекетті талдауда оның тиімділігіне экономикалық шаралармен бірдей әсер ететін әлеуметтік шараларды ерекшелеудің маңызы зор.
 Менің бұл курстық жұмысты таңдаған себебім: Кез-келген істі бастау үшін міндетті түрде қаражат керек. Сондықтан қаржыландырудың көздерін анықтап және оларды қалай басқарудың амалдарын саралап және де Қазақстан Республикасындағы банктердің, қаржылық институттардың, кәсіпкерліктердің, ұйымдардың ұзақ мерзімді қаржыландыру көздерінің басқарылуын жан-жақты талдап, зерттеп білу. Онда кездесетін кемшіліктерді ескеріп, оңтайландыру шаралары мен бағыттарын ұсыну.

Қазақстан Республикасының инновациялық инвестициялық қызмет тиімділігі
Енгізген: ERbol | күні: 10.07.2011

Талдауда инвестицияны жүзеге асырушы инвесторлар, ал инвесторларды жүзеге асырушы қандайда ұйымдар, яғни олар қандай органдармен, жүйелермен байланысты екені туралы көрсетілген.
 Инвестиция макродеңгейлік өте үлкен роль атқарады. Бұл деңгейде келесі мақсаттарға қол жеткізуі тиіс:
 • Өндірістік дамуы мен ұлғайуы.
 • Негізгі қордың маральді және физикалық тозып кетуіне жол бермеу.
 • Өндірістің техникалық деңгейін көтеру.
 • Нақты бір кәсіпорынның өнімін сапасын арттыру және өнімінің бәсекелесе алуын қамтамасыз ету.
 • Табиғатты қорғау шараларын жүргізу.
 • Бағалы қағаздарды басқа да кәсіпорындар активтеріне салу.
 Қорыта айтқанда кәсіпорынның болашақтағы функциясы әдетегідей қаржылық жағдайы тұрақты және табыстылығы жоғары болуы керек.

Қазақстан Республикасының салық жүйесі
Енгізген: ERbol | күні: 10.07.2011

Жоспар

 Кіріспе

 I Қазақстан Республикасының салық жүйесі
 1.1 Салық мәні,мазмұны және элементтері
 1.2 Жалпы мемлекеттік салықтар
 1.3 Ғалымдар мен тәжірибешілердің пікірлеріндегі салық жүйесі туралы көзқарастар
 II Жанама және тікелей салыққа сипаттама
 2.1 Тікелей салықтар және жанама салықтар

 Қорытынды

Қазақстан Республикасының салық қызметін ұйымдастыру
Енгізген: ERbol | күні: 10.07.2011

«Қазақстан Республикасының салық қызметін ұйымдастыру» пәні бойынша
 оқу бағдарламасы ( SYLLABUS)

 1. Оқытушы туралы мәлімет Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті «Қаржы» кафедрасының аға оқытушысы:
 Дулатбекова Жанар Абдираевна . Қызметтік сымтетігі: 51-29, 801 кабинет.

 2. Қазақстан Республикасы салық қызметін ұйымдастыру – 3 кредит

 3. Оқу пәндерінің деректемелері (пререквизиты и постреквизиты)
 Преквезиттер
 Экономикалық теория
 161 беттік жұмыс

 Макроэкономика
 Бухгалтерлік есеп
 Қаржы
 Салық салу

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің пайыздық саясаты
Енгізген: ERbol | күні: 10.07.2011

Кіріспе

 Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі өзі жүргізетін операциялар бойынша ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесін, сол сияқты басқа да мүдделендіру мөлшерін белгілейді. Ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесін ақша нарығының жалпы жағдайына несие бойынша сұраныс пен ұсынысқа, инфляция деңгейіне байланысты белгілейді. ҚҰБ мүдделеңдіру мөлшерлемесі саясатын мемлекеттік ақша-несие саясаты жүзеге асырылатын аумақтағы нарықтың мүдделендіру мөлшерлемесіне әрекет ету үшін пайдаланады.
 Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі пайыз саясатының басты мақсаты — айналыстағы теңге деңгейін көтере отырып, несиеге деген сұранысты азайту, соның нәтижесінде ақша жиыны және инфляцияның өсуін төмендетуді қамтамасыз ету болып табылады. Жоғары пайыз мөлшерлемесі, шын мәнісінде пайыз үшін төлемдер өз кезегінде шығынның көлемін құрайды. Демек, жаңа пайыз саясаты алдағы уақытта немесе белгілі бір уақыт аралығында өзінің нәтижелеріне қол жеткізуге тиіс.
 Жалпы, курстық жұмыстың жазылу құрамы кіріспе, үш бөлім, сегіз сұрақты, сондай-ақ қорытынды, пайдаланған әдебиеттер қамтып отыр.

Қазақстан Халық Банкі» Акционерлік қоғамының қолма-қолсыз есеп айырысуының талдауы
Енгізген: ERbol | күні: 10.07.2011

Қазақстан Халық Банкі» Акционерлік қоғамының қолма-қолсыз есеп айырысуының талдауы
 Нарыққа көшу жағдайында экономикалық механизмді жетілдіру, ақша айналымы жүйесінің қызмет етуіне, жеке тұлғаларына кассалық-есеп айырысу қызметін ұйымдастырылуына анағұрлым жоғары талаптар қояды. Төлем айналымының өсуі және шарттасылған шығын айналымының өсуі еңбек шарттарын қысқарту мен бір мезгілде шығын айналымдарының төмендеуіндегі қаражат қорының айналымын жеделдету мен тез өсіп келе жатқан төлем қажеттіліктерін қамтамасыз ететін, ақша айналымының негізінде жаңа механизм құру қажеттілігін көрсетеді.
 Осы мәселе қолда бар ақша формаларын жаппай қолдану кезінде шешілуі мүмкін емес, өйткені табиғатынан олардың өзгермелі шегі бар, қаржылық есеп айырысудың жоғары еңбек сыйымдылығын ескертеді, есеп айырысу тізбегінің үздіксіздігін қамтамасыз етпейді және өз қозғалысын бақылауды қиындатады. Оны шешудің негізгі жолы қолма-қолсыз ақшаны айырбастау тәжірибесінде кен колданылатын нарықтық экономикалы индустриалды дамыған елдердін озық тәжірибесі негізінде «қағазсыз» технологияны пайдалану және оларды автоматтық өңдеу үшін арнайы техникалық құрылғыларды құру.

Қазақстан экономикасының тарихы
Енгізген: ERbol | күні: 10.07.2011

Қазақстан экономикасының тарихы

 Экономикасы. Қазақстан экономикасы көне заманнан бастап Қазан төңкерiсiне дейiнгi кезеңде көшпелi мал ш-на негiзделдi. Мал жыл бойы өрiсте бағылады. Жер көшпелi қауымның ортақ меншiгi болып саналып, қазақ шаруалары оны қауымдасып пайдаланды. Мал жеке меншiкте болды. Шын мәнiнде малдың иесi жайылымға да иелiк еттi. Қазақстан Ресейге қосылған, одан мемлекеттiлiгi жойылған кезеңнен бастап, әсiресе, 1891 ж. Дала ережесi өмiрге енгiзiлгеннен кейiн, көшпелi ш-тың сипаты өзгердi. Тауар-ақша қатынастарының дамуы көшпелiлердiң едәуiр бөлiгiн жерсiз қалдырды, ал шұрайлы жайылымдық алқаптар ауқаттылардың қолына шоғырланды. Көшу ұзақтығы едәуiр қысқарып, табынның құрылымы және малды бағып-күту жағдайлары өзгердi. Тұрақты тұрғын үйлер мен мал қоралары пайда болды. Болыстар мен ауылдарға бөлiнген жерлердiң шекарасы айқындала бастады.

Қазақстанның салық жүйесі
Енгізген: ERbol | күні: 10.07.2011

Қазақстанның салық жүйесі –
 Кіріспе

 Мемлекеттік бюджеттің түсімдерінің ең басты көзі – салықтар. Өнеркәсібі дамыған елдердің бюджетіндегі салықтардың үлесі 90 пайыз. Салықтың негізгі түрлеріне табыс салығы, одан басқа қоғамның құқықты мүшелерінің табыстарына, корпорация пайдаларына салынатын салықтар. Өндірістік бірлестіктер, кәсіпорындар, капитал иелері өздері жариялаған мәлімдемелері бойынша салық төлейді.
 Салық мәлімдемесі төлеушілердің өз табыстарының мөлшері туралы хабары, ал жалдамалы еңбек адамдарынан салық жалақы төлегенде ұсталады.
 Табыс салығын алу белгілі бір төменгі деңгейден басталады. Номиналдық табыстың ұлғаюына сәйкес табыс салығын өсірудің базасы жасалады, салық төлеушілердің саны артады, мемлекеттің шоғырландырылған жалпы қаржы-қаражаттары көбейеді. Салық салудың нормасы – салық ставкасы объектінің бір өлшеміне салынған мөлшері. Салық ставкаларының көптеген түрлері бар. Егер ставкалар табыстың өсуімен көбейсе, онда прогрессивті, үдемелі ставкалар болғаны. Салық салудың тәжірибесінде бір объектіге оның құнына қарамастан салынатын қатаң ставкалар кездеседі.

Қазақстандағы бағалы қағаз нарығының даму деңгейі
Енгізген: ERbol | күні: 10.07.2011

Қазақстандағы бағалы қағаз нарығының даму деңгейі
 МАЗМҰНЫ

 КІРІСПЕ 3

 1. Бағалы қағаздар туралы жалпы түсініктеме 4
 2. Қазақстандағы бағалы қағаз нарығының даму деңгейі 6
 3. Бағалы қағаздар рыногын дамытуда шетелдік тәжірибені пайдалану мәселелері 13

 ҚОРЫТЫНДЫ 15

Қазақстандағы индустрияландыру
Енгізген: ERbol | күні: 10.07.2011

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУ

 Қазақстанда индустрияландыруға бағыт алу. 1925 ж. желтоқсанда өткен БК(б)П-ның ХІV съезінде Кеңестер Одағын индустрияландыру бағыты белгіленді. Капиталистік шаруашылықтан ерекше, елдің экономикалық тәуелсіздігін қамтамасыз ететін, өзіндік машина, станок жасау, металлургия, химия, қорғаныс және басқа да ірі өнеркәсіптері бар жүйе құру қажет делінді. Шаруашылықтың барлық салаларын соның негізінде техникалық қайта жасақтандыру мен еңбек өнімділігін арттыру үшін бүкіл экономиканың негізі ретінде ең алдымен ауыр өнеркәсіпті дамыту, оның шаруашылықтағы жетекшілік рөлін бекіту арқылы шет елдермен экономикалық жарыста озып шығу мақсаты қойылды. Бұл сол кездер үшін дұрыс, бірақ күрделі мақсат еді. Кеңестер Одағы көлемінде бұл бағытта біршама жетістікке қол жеткізілді. Бірақ оның біржақты жүргізілгенін, дәлірек айтқанда, ұлттық аймақтарды, соның ішінде, әсіресе, Қазақстанды патшалық билік кезіндегідей шикізат көзі дәрежесінде қалдырғанын көреміз.