Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Ақпарат танымдық порталы

Дүйсенбі, 29.04.2024
Главная » Файлы » Білім және ғылым » Экономика, Қаржы, Бухгалтерлік іс, Банктік іс, Салық!

В категории материалов: 215
Показано материалов: 201-210
Страницы: « 1 2 ... 19 20 21 22 »

Сортировать по: Күні
Қолма-қолсыз есеп айырысудың нысандары мен түрлері
Енгізген: ERbol | күні: 09.07.2011

Қолма-қолсыз есеп айырысудың нысандары мен түрлері
 Банктердiң қолма-қолсыз есеп айырысу операцияларың түрлеріне : инкассо, аудару және акредитив болып табылады.
 а) Инкассалық есеп айырысу.
 Инкассо - әр түрлi құжаттарды пайдаланып, клиенттердің тапсырысы бойынша және олардың шотына банк¬тердiң ақша түcipy операциясы. Инкассоға чектер, вексельдер, бағалы қағаздар және т.б. құжаттар қабылданады.
 1996 жылдан Халықаралық сауда палатасы шығарған инкассо бойынша Үйлестірілген бiріңғай Ерже қолданылады. Онда инкассоның мәні және түрлері анықталған; вексельдерді, чектерді, инкассолық тапсырыстарды инкассалау тәртібі; шарт бойынша халықаралық төлемде инкассо түріндегі есеп айырысу тәртібі қарастырылған.[10.432 б.]
 Инкассалық операцияның екі түрі бар .

Қолма-қолсыз есеп айырысу сапасын жетілдіру және тиімді банктік қадағалау жүргізу
Енгізген: ERbol | күні: 09.07.2011

Қолма-қолсыз есеп айырысу сапасын жетілдіру және тиімді банктік қадағалау жүргізу
 Қазақстан Республикасының 1995 жылдың 31 тамызындағы № 2444 «Қазақстан Республикасындағы банк және банктік қызмет туралы» Заңында және 1997 жылғы коммерциялық банктерді қадағалаудың Базельдік стандарттарына сәйкес қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ететін комплекстік механизмдерінің құрамдас бөлігі сияқты банктік реттеу мен қадағалауды тиімді жүзеге асыру банктің қолма-қолсыз есеп айырысу сапасының жоғарылауында ерекше орын алады.

Қолма-қолсыз есеп айырысудың ұйымдастыру негіздері
Енгізген: ERbol | күні: 09.07.2011

Қолма-қолсыз есеп айырысудың ұйымдастыру негіздері
 Қазiргi жағдайда ақша шаруашылық өмiрдiң ажырамас бөлiгi болып табылады. Сондықтан, материалдық бағалылықтар мен жабдықтау қызметтеріне байланысты болатын барлық мәмілелер ақшалай есеп айырысудан тұpaды.
 Ақшалай есеп айырысулардың өзi eкi формаға: қолма¬-қол ақшалармен есеп айырысу және қолма-қолсыз ақшалармен есеп айырысуға белiнедi. Айналыстағы ақша алма-кезек бiресе айналыс құралы, бiресе төлем құралы қызметтерін орындайды. Тауар сатудан түскен ақша, қарыз төлеуге жұмсалуы мүмкін, өз кезегiнде, қарыз өтеуден түскен ақша тауар сатып алуға жұмсалуы мүмкiн. Қолма-қол ақша және қолма-қол емес ақша айна-лымдары өзара тығыз байланысты және бiр-бiрiне тәуелді. Өйткенi ақша, үнемі бiр айналыс аясынан екiншiсiне өтiп, бiрақ, айналыс аясынан кетпей oғaн одан әрі қызмет жасай береді.
 Ал банктегi шотқа қаржының аударылуы - қолма-қол ақшаның берілуінің кепілі. Сондықтан қолма-қол ақшасыз төлем айналымы қолма – қол ақша айналысынан ажырағысыз құрылым және екеуі бірігіп мемлекеттің біріңғай ақша айналымын құрайды.

ҚР салық жүйесі
Енгізген: ERbol | күні: 09.07.2011

Мемлекеттің тұрақты экономикасын құруда салықтар маңызды орын алады. Экономикалық мазмұн тұрғысынан салық дегеніміз тұрғын, кәсіпорын (фирма) мен ұйымдардан заңға негізделіп алынатын міндетті төлем жүйесі. Салық мәселесі мен салық салудың тамыры ғасырларға тереңдеп кеткен. Салық – нарықтық қатынастардың бір бөлігі, оның қызмет етуі елдегі экономикалық реформалардың нәтижелілігімен тығыз байланысты. Өз кезегінде жүргізілген салықтық реформаның тиімділігі мемлекеттің экономикалық дағдарысын, проблемаларын шешуші қызметін атқаруда. Яғни салық – бұл белгілі бір көлемде, белгілі бір мерзімде жалпы мемлекеттік қажеттіліктер үшін өкілетті мемлекеттік органдардың актілері негізінде бюджетке төленетін заңды және жеке тұлғалардың қайтарымсыз төлемдері.
 Салық мәселесімен А.Нұрымов, Б.Ермекбаева, Н.Мамыров, К.Ілиясов, Ө.Шеденов, Құлпыбаев сияқты белгілі ғалымдар айналысады.

ҚР салықтық құрылысы
Енгізген: ERbol | күні: 09.07.2011

ҚР салықтық құрылысы
 Салық төлеушінің құқықтары.
 Салық төлеуші:
 - қолданылып жүрген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы; салық заңдарындағы өзгерістер туралы салық қызметі органдарынан ақпарат алуға
 - салық қатнастары мәселелері бойынша өз мүдделерін жеке өзі не өз өкілі арқылы немесе салық консультантының қатысуымен білдіруге
 - салық бақылауы нәтижелерін алуға
 - жеке шотын салық міндеттемелерінің орындалуы бойынша бюджетпен есеп айырысудың жай – күйі туралы көшірме алуға
 - салық құпиясының сақталуын талап етуге
 - салық салуға қатысы жоқ ақпарат пен құжаттар табыс етпеуге құқылы
 - салық төлеушінің ҚР салық заңдарында көзделген өзге де құқықтары бар.

ҚР ҚМ Салық комитеті туралы ереже
Енгізген: ERbol | күні: 09.07.2011

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
 2004 жылғы 29 қазандағы № 1127
 қаулысымен бекiтілген

 Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің
 Салық комитеті туралы ереже

 1. Жалпы ережелер
 1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті (бұдан әрі – Комитет) өз құзыреті шегінде салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін, міндетті зейнетақы жарналарының және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдардың толық және уақтылы аударылуын қамтамасыз ету саласындағы іске асырушылық және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ведомсвосы болып табылады.
 Комитеттің басты міндеттері мыналар болып табылады:
 салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің толық түсуін, міндетті зейнетақы жарналарының және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдардың толық және уақтылы аударылуын қамтамасыз ету;

ҚР-дағы кәсіпкерлік дамытудың проблемалары
Енгізген: ERbol | күні: 09.07.2011

Инфляциялық күтілімдерді ескере отырып ставканы анықтауға негізделген пайыздық схема кезінде нақтылық төмен болады. Бұл жағдайда болашақтағы инфляция деңгейін жеткілікті мөлшерде бағаламау арқылы кредитор немесе оны артық бағалау арқылы қарыз алушы үтылады. Индекстік әдіс арқылы мәселелерді жартылай шешу уақыттық интервалды төмендетуі мүмкін. Біздің ойымызша, жоғары инфляция жағдайында экономикалық саясаттың бір міндеті оптималды пайыздық ставканы іздестіру болуы мүмкін. Яғни бұл жағдайда тиімсіз инвестицияны істен алуға және бір уақытта ставкалардың кері әсер етуінен экономиканы қорғауға мүмкіндік беретін деңгей деп түсіну қажет. Осы құралдың іске асырылуын қайта қаржыландыру ставкаларының мөлшерінің өзгеруін мысалға ала отырып қарастырайық. Егер Ор-талық банктің мақсаты несиелік институттардың несиелік патенциалын азайту болса, онда ол қайта қаржыландыру ставкасын жоғарлатады. Ұлттық банк алға қойылған мақсатына қол жеткізу үшін ақша нарығына тағы басқа әдістер мен де әсер етуі қажет (ең төменгі резерв бойынша ставканы жоғарлату жолымен және т.б.). Қайта қаржыландыру ставкасын жоғарлатқан кезде коммерциялық банктер үшін қайта қаржыландыру қымбаттайды, яғни бұл жағдай елдегі несие қүнының өсуіне әкеледі. Бірақ кейбір ірі коммерциялық банктердің орталық банктің пайыздық ставкаларды жоғарлатуына қарамастан өздеріне неғүрлым көп клиенттер тарту үшін өздерінің пайыздық маржаларын төмендетуге мүмкіндіктері болады. Коммерциялық банктерді қаржыландырудың альтернативті әдісі орталық банкте вексельдерді қайта есепке алу болып табылады. Осы форманың тиімділігі бұл операция кезінде кепіл талап етілмейді, ал гарант ретінде вексель беруші болады.

Ұзақ мерзімді міндеттемелер аудиті
Енгізген: ERbol | күні: 09.07.2011

КІРІСПЕ

 Елімізде өтіп жатқан нарықтық қатынастар тек экономиканы дамыту үшін ғана емес, бүкіл қоғамдық өмір үшін де орасан зор маңызы бар екендгін республикамыздың тәуелсіздігінің 16 жылы ішінде атқарылған жұмыстар көз жеткізе дәлелдейді. Реформа қалыптасқан экономикалық қатынастарға елеулі өзгерістер енгізді және сайып келгенде әрбір еңбекшінің мүддесін қамтыды. Сондықтан бұған дейінгі ынта-ықыластың уақыт өткен сайын әлсіремейтіндігін, қайта арта түсетіндігін өмір көрсетіп отыр.
 Нарықтық экономика жағдайында өндірілетін өнім мен көрсетілетін қызметтің негізгі, яғни оның тиімділігі мен ұқыптылығы - бұл кәсіпорындағы бухгалтерлік есептің дұрыс жолға қойылуынан бастау алатындығы сөзсіз. Міне, сондықтан да, бұл деңгейде қоғамға қажетті өнім өндіріліп, қызмет көрсетілуі үшін бухгалтерлік есепті дамытуымыз қажет. Өнімдерді өндіру барысында ресурстарды үнемдеп жұмсап, жоғарғы өнімді техникалар мен технологияларды қолдану мәселелері кең түрде шешімін тапса, онда кәспорындарда өнім өндіру және оны сатуға қатысты кететін шығындарды мейлінше азайтуға қол жетеді.
 Жұмыстың негізгі мақсаттары:

Ұлттық банк
Енгізген: ERbol | күні: 09.07.2011

Кіріспе

 Резервтік талаптар, ашық, нарықтағы операциялар және пайыз саясатымен қатар коммерциялық банктерді жанама ақшалай-несиелік реттеудің негізгі құралдарының біріне жатады. Қазақстан банк жүйесінің бүгінгі даму жағдайында резервтік талап¬тар, бір жағынан, сақтандыру институттарының жоқ кезінде, коммерциялың банктердің депозиттерін сақтандыру қызметін, екінші жағынан, экономикадағы ақшалай мультипликация процесін реттеу қызметтерін атқарады.

Әлеуметтік салық
Енгізген: ERbol | күні: 09.07.2011

Әлеуметтік салық Қазақстан Республикасының Салық жүйесінде 1999 жылы пайда болғаннан бері елеулі өзгерістер әкелді. Оньң ставкалары да және қолданылатын тәсілі де өзгеріске көп ұшырады. Соңғы әлеуметтік салық бойынша байқаулы өзгерістер 2002 жылдың 23 қараша «Заң шығарушы актілердегі салық салу бойынша өзгерістер мен толықтырулар туралы» Қазақстан Республикасының заңымен енгізілді.