Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Ақпарат танымдық порталы

Дүйсенбі, 29.04.2024
Главная » Файлы » Білім және ғылым » Экономика, Қаржы, Бухгалтерлік іс, Банктік іс, Салық!

В категории материалов: 215
Показано материалов: 211-215
Страницы: « 1 2 ... 20 21 22

Сортировать по: Күні
Әлеуметтік салық 2008 жылғы
Енгізген: ERbol | күні: 09.07.2011

Әлеуметтік салық Қазақстан Республикасының Салық жүйесінде 1999 жылы пайда болғаннан бері елеулі өзгерістер әкелді. Оньң ставкалары да және қолданылатын тәсілі де өзгеріске көп ұшырады. Соңғы әлеуметтік салық бойынша байқаулы өзгерістер 2002 жылдың 23 қараша «Заң шығарушы актілердегі салық салу бойынша өзгерістер мен толықтырулар туралы» Қазақстан Республикасының заңымен енгізілді.

Әлеуметтік экономикалық дамуды жоспарлау [1 бөлім]
Енгізген: ERbol | күні: 09.07.2011

I БӨЛІМ
 ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУДЫ ЖОСПАРЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
 1.1 Әлеуметтік-экономикалық жоспарлаудын мақсаттары мен міндеттері. Жоспарлаудың түрлері

 Кез келген коғам, өзінің болашақтағы даму перспективасың анықтап, болжаусыз өмір сүре алмайды. Экономикалык болжамдар қоғамның даму мақсатын, сол мақсатқа жетуге қажетті экономикалық ресурстар көлемін - ұзақ, орта, қысқа мерзімдік жоспардың тиімді варианттарын, үкіметтің экономикалық, техникалық саясаттарының негізігі бағыттарын анықтау үшін қажет. Экономикалық болжам дегеніміз экономикалык прогностиканың барлык әдіс-тәсілдерін, кұралдарын қолдануға және экономикалық кұбылыстарды зерттеудің ғылыми әдістемелеріне негізделген экономикалық жоспарлау процессі.
 Жоспарлау - экономиканың объективті заңдары мен заңдылықтарын зерттеп түсіне білу және оларды саналы тұрде пайдалану арқылы әлеуметтік-экономикалык дамудың жоспарларьш ғылыми негізде дайындау мен олардың орыңдалуын ұйымдастыру процессі. Жоспарлаудың негізгі мақсаты - экономикада баланстык үйлесім мен макроэкономикалық тұрақтылықты камтамасыз ету үшін белгілі бір пропорциялар мен пропорционалдыққа кол жеткізу.

Әлеуметтік экономикалық дамуды жоспарлау [2 бөлім]
Енгізген: ERbol | күні: 09.07.2011

II БӨЛІМ
 АУМАҚТЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫН ЖОСПАРЛАУ ТИІМДІЛІГІН ТАЛДАУ

 2.1 Қазақстан Республикасының 2002-2003 жылдарға әлеуметтік-экономикалық дамуын талдау

 Мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясаттық аймақтық аспектісі бүгінгі күні ғылыми зерттеулердің ең әлсіз зерттелінген объекті болып табылады.
 Мемлекеттің аймақтык саясатын қалыптастыруда түрлі аудандар халқының өмір сүру деңгейімен сапасын теңестіру мүдделерінің ірг елі (тиянақты) маңызы бар. Осы мүдделер қазіргі жағдайда бірінші орында түр, өйткені түрғындар тығыздығы (адам/км2), қалалық және ауылдық түрғындардың ара-қатынасы, олардың кірісті бір жанға шаққанда деңгейі, түтыну бағаларының індексі, жұмыссыздардың саны мен жұмыссыздың деңгейі, индустриалды әлуеті деңгейі және т.б. көрсеткіштерге байланысты Қазақстанның аумақтық-әкімшілік аудандары бір-бірінен тым өзгеше.

Әлеуметтік экономикалық дамуды жоспарлау [3 бөлім]
Енгізген: ERbol | күні: 09.07.2011

Ill БӨЛІМ

 ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ 2005-2010 ЖЫЛДАРҒА ДЕЙІН ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ

 Қоғам дамуын болжаудың негізгі бір бағыты болып экономикалық болжау танылады. Экономикалық болжау объектісі -қоғамдық ұдайы өндіріс процесі, ал зерттеу заты - экономикалық объектілердің даму заңдылықтары, болашақ жай-күйі және экономикалық божамдар жасау, әзірлеу әдістері. Экономикалық болжау дегеніміз экономикалық прогностиканың барлық әдіс-тәсілдерін, құралдарын қолдануға және экономикалық құбылыстарды зерттеудің ғылыми әдістемелеріне негізделген экономикалық божамдар жасау процесі.

Әлеуметтік қорғау
Енгізген: ERbol | күні: 09.07.2011

Кіріспе

 Кеңес өкіметі ыдырағаннан кейінгі аз ғана уақыт ішіндегі экономиканы реформалау мен шаруашылық жүргізудің нарықтық моделіне өту жөніндегі кең көлемді шараларды жүзеге асыру нәтижесі – мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық процестерге араласуы – объективті қажеттілік екендігін түпкілікті түсінуге мәжбүр етті. Оның объективті халықтың өмірлік жағдайын реттеу қажеттілігімен, экономикалық дамудың тепе-теңдігін сақтау мүдделері мемлекеттік реттеудің объектісі болып табылатындығымен, макроэкономикалық үрдістердің сандық және сапалық көрсеткіштері өзгерісін тұрақты түрде зерттеп отыруды қажет ететіндігімен және халықтың нысаналы топтарын әлеуметтік қорғау жүйесінің мемлекет тарапынан реттеліп отыруымен де түсіндіріледі. Себебі, қазіргі таңда еліміздің экономикалық, саяси, демографиялық, әлеуметтік дамуының басты шешуші факторы адам, яғни ел азаматы танылады. Сонымен қатар ол адамдардың белгілі тобы еңбекке тағы басқа жарамсыз болуымен түсіндіріледі.

1-10 11-20 ... 191-200 201-210 211-215