Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Ақпарат танымдық порталы

Сәрсенбі, 15.05.2024
Главная » Файлы » Білім және ғылым » Экономика, Қаржы, Бухгалтерлік іс, Банктік іс, Салық!

В категории материалов: 215
Показано материалов: 41-50
Страницы: « 1 2 3 4 5 6 7 ... 21 22 »

Сортировать по: Күні
Бухгалтерлік есептен тәжірибелік есебі
Енгізген: ERbol | күні: 13.07.2011

Тәжірибе дегеніміз – теориялық негізде жинаған білімді тәжірибе жүзінде іске асыру болып табылады. Тәжірибе жинаған мәліметтерді нақты бекіту үшін қолданылатын біржен бір жол. Осы себептен мен 30 наурыз – 7 маусым аралығында 18 жұмыс күніне бухгалтерлік есеп пәнінен «Қазақстан Темір жол» Ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамының «Шаруашылық басқармаы» филиалының бухгалтерия бөліміне жіберілдім. Тәжірибедегі ең басты мақсаттарым – филиалдың құрылудағы мақсаты, жүзеге асырылу тәртібін, ақша қаражаттарының, ағымдағы және ұзак мерзімді активтерінің, жұмыскерлермен есеп айырысу, яғни еңбекақының алғашқы есептерінің ұйымдастырылуын, сондай-ақ қаржылық есептіліктің дұрыс орындалуын зерттеу болды. Кәсіптік біліктілікті дамытуды жетілдіргенмен қоса, ең алдымен мен этикалық нормаларды сақтай отырып рұқсат етілген нормада компитенциялы жұмыскерге қойылатын талаптарды игеруге тырыстым. Ол үшін мен келесі міндеттерді орындауға тырыстым:
  филиалдағы белгіленген жұмыс тәртібін сақтау;

Бюджетпен есеп айырысу
Енгізген: ERbol | күні: 12.07.2011

Жоспар:
 Кіріспе
 Негізгі бөлім
 1. Салық туралы түсінік
 2. Бюджетпен есеп айырысу операциялардың есебі
 3. Еншілес серіктестіктердің алашақ (кредиторлық) қарыздарының есебі
 4. Алынған аванстар бойынша есеп айырысу есебі
 5. Жабдықтаушы және қызмет көрсетушілермен есеп айырысу есебі
 6. Басқа да кредиторлық қарыздар мен есептелген төлемдер есебі
 7. Салықтардың ашықтығы – жалған кәсіпкерлікке тосқауыл
 Қорытынды

БҚО мал шаруашылығының жағдайы
Енгізген: ERbol | күні: 12.07.2011

БҚО мал шаруашылығының жағдайы туралы мәлімет

 Барлық санаттағы ауыл шаруашылығы құрылымдарында ірі қара мал басының саны-498 мың басты құрады, соның ішінде сиыр-165 мың бас, қой мен ешкі-1029,3 мың бас, жылқы-70,1 мың бас (107,5%), шошқа 30,4 мың бас және құс-1023,1 мың бас.
 2009 жылдың қаңтар-шілде айларында мал мен құстың сойыс салмағы 36,8 мың тонна, яғни 2008 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 3,9 %-ға өскенін көрсетті.
 Төл алу былтырғы жылмен салыстырғанда 1,5% өсіп, 153 мың басты құрады, соның ішінде бұзау мен қозылар 3%-ға өсіп, 436,6 мың басты көрсетсе, құлын 5,2 % , торайлар 3,5 %-ды құрады.
 Облыстың асыл тұқымды мал шаруашылығының негізін 24 шаруашылық нысандары құрайды, олардың 6-ы асыл тұқымды мал зауыты, 18-і асыл тұқымды мал шаруашылығы болып келеді. 13 шаруашылық мүйізді ірі қара малын өсірумен (9683), 5 шаруашылық қой өсірумен (52540), 5шаруашылық жылқы өсірумен (1907) және бір шаруашылық түйе өсіумен (266 бас) айналысады.
 Осы жылы тағы 5 шаруашылық ашу көзделіп отыр. Оның 3-уі көшім тұқымды жылқы өсіретін болса, 2-уі сүтті бағыттағы сиыр малын өсірумен шұғылданатын болады.

БҚО табиғат ресурстары
Енгізген: ERbol | күні: 12.07.2011

Жоспар :
 1. Қазба байлықтары.
 2. Өзендері мен көлдері.
 3. Жануарлар және өсімдіктер дүниесі.

Бұқаралық ақпарат құралдары туралы
Енгізген: ERbol | күні: 12.07.2011

БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫ

 Қазақстан Республикасының 1995 жылы қабылданған Конституциясының 18-бабының 3-пункті бойынша азаматтар мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктерден, сонымен қатар бұқаралық ақпарат құралдарынан еркін ақпарат алуға құқықты. Осы салаға қатысты басқа да қалыптық-құқықтық актілерде сөз бостандығы және ақпараттану құқықтары туралы айтылған. Азаматтар өздерінің ой-пікірлерін еркін баяндауға да құқықты. Бүгінгі демократиялық қоғамдардың негізгі шарттарының бірі еркін БАҚ-тың болуында. БАҚ-тың еркіндіктерімен қатар мемлекеттің әлеуметтік, саяси және экономикалық өмірін дамытудағы жауапкершіліктері де демократиялық елдерде алдынғы қатардағы маңызды мәселенің бірі болып табылады.
 Бізде демократиялық мемлекеттерде «төртінші күш» деп аталатын бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) төңірегіндегі дау басылар емес. Әлемнің ең демократиялы, ең еркін саналатын елдерінің өзінде БАҚ сөз бостандығының жетіспейтіні және журналистердің проблемалары туралы ақпараттарды таратып жатады. Мұның негізінде жалаң кәсіби себептерден гөрі БАҚ-ты билейтін саяси, қаржы және экономикалық күштердің өз мақсаттарын толықтай орындай алмауы тұрса керек. Өйткені, қылмыскерлердің кесірінен тек журналистер ғана емес, көптеген қарапайым азаматтар да жапа шегуде. Ал, олардың қолында газет яки телевидение болмағандықтан, шулатып қоғамдық пікір тудыра алмайды. Сол себепті, БАҚ уәкілдеріне жасалған қылмыстық әрекеттерді, егер саяси астары немесе журналистің кәсіби функциясына қатысы болмаса, әдеттегі қылмыстармен бірдей қараған жөн. Сірә, мемлекет азаматтарын кәсіби ерекшеліктері бойынша емес, азамат болғандықтары үшін қорғайды.

Валюталық нарық туралы
Енгізген: ERbol | күні: 12.07.2011

Валюталық нарық

 Валюталық нарықтар уақтылы есеп айырысуларды жүзеге асыруды, валюталық қаражаттарды біршама тиімді пайдалануын, валюталы операцияларға қатысушылардың валюталық бағамдар айырмасы түрінде пайда алуын, валюталық тәуекелдерді сақтандыруды, валюталық бағамдарды реттеуді, валюталық саясатты жүргізуді қамтамасыз ете отрып, ішкі және халықаралық төлем айналымына қызмет етеді.
 Халықаралық есеп айырысудың өзіндік ерекшелігі барлық елдер үшін жалпыға бірдей қабылданған төлем құралының болмауында. Сондықтан да сыртқы сауда, көрсетілген қызметтер, несиелер, инвистициялар, мемлекетарлық төлемдер бойыншы есеп айырысудың қажетті шарты сатып алу-сату формасында бір валютаны екінші біріне айырбастау болып табылады.
 Валюталық нарықтарда шетел валютасына деген сұраныс пен ұсыныс ең алдымен сатылған тауарлар және көрсетілген қызметтер үшін валюталық түсім алған экспортерлардан; сатып алған тауарлары мен көлік және кеме компанияларынан алынған қызметтері үшін төлемдерді төлеуде импортерден; сондай-ақ көрсеткен қызметтері үшін фрахты, сақтандыру сыйақысы, брокерлік және банктік комиссия түрінде валюталар алатын сақтандыру қоғамдары мен банктерден; дивидент төлеуге, займды, несиені эәне оған есептелген пайызды және т.б. қайтаруға міндеттемесі бар заңды және жеке тұлғалардан туындайды.
 Сонымен, валюталық нарықтарда валюталық операцияларды жүргізуге халықаралық сауда мен оған байланысты көрсетілген қызметтер және халықаралық капиталдар мен несиелер қозғалысы негіз болып табылады.

Гендік инженерия және биоқауіпсіздік
Енгізген: ERbol | күні: 12.07.2011

Гендік инженерия - молекулалық және клеткалық генетиканың қолданбалы саласы. Белгілі қасиеттері бар генетикалық материалдарды In vitro жағдайында алдын-ала құрастырып, оларды тірі клеткаға енгізіп, көбейтіп, зат алмасу процесін өзгеше жүргізу. Бұл әдіспен организмдердегі генетикалық информацияны көздеген мақсатқа сай өзгертіп, олардың геномдарын белгіленген жоспармен қайта құруға болады.
 Гендік инженерия ол функционалдық активті генетикалық құрылымдарды рекомбинаттық ДНҚ молекулалары түрінде қолдан құрастыру. Гендік иженерияның мәні жеке гендерді бір организмнен алып басқа организмге көшіру. Бұған рестриктаза мен лигаза ферменттерінің ашылуы мүмкіндік туғызады. Рестриктазалар ДНҚ молекуласын белгілі жерлерден жеке үзінділерге қиып бөлшектейтін ыдыратушы фермент. Қазір ДНҚ молекуласын бір-бірінен өзгеше 120 жерінен үзетін 500-ден астам рестриктазалар анықталған. Алынған полинуклеотид бөлшектерінінің комплементарлық немесе жабысқыш ұштарны ДНҚ лигазасы – бір-біріне желімдеп реттеп жалғасытырып қосады. Осы ферменттердің көмегімен бір ДНҚ молекуласынан қажетті ген бөлініп алынып, басқа ДНҚ молекуласын үзінділерімен құрастырылып рекомбинанттық, яғни жаңа будан ДНҚ жасалады.

Дамыған елдерде салық салу ерекшеліктері
Енгізген: ERbol | күні: 12.07.2011

МАЗМҰНЫ

 Кіріспе

 I Салықтардың экономикалық мәні мен түрлері
 1.1. Салық жүйесі және оның даму тарихы
 1.2 Ресей Федерадиясының салыќ салу ерекшеліктері

 II Дамыған елдердің салық салу ерекшеліктері
 2.1 Жапония елінің салық салу ерекшеліктері
 2.2 Италия елінің салық салу ерекшеліктері
 2.3 Америка Құрама Штаттарындағы салыќ салу ерекшеліктері
 2.4 Германияда салыќ салу ерекшеліктері
 2.5 Франция елінің салыќ салу ерекшеліктері
 2.6 Швейцария елінің салык, салу ерекшеліктері

 Қорытынды

Депозиттік операциялар туралы
Енгізген: ERbol | күні: 12.07.2011

ДЕПОЗИТТІК ОПЕРАЦИЯЛАР
 1. Депозиттік операциялар түрлері
 Банктер өзінің активті операцияларын жүргізу үшін пассивтi операцияларды өткізу нәтижесінде пайда болатын тартылған қаржыларды қолданады. Коммерциялық банктің пассивтi операциялары келесi нысанда жүзеге асырылуы мүмкiн:
 — банк қорын қалыптастыру және ұлғайту үшін банктердің пайдасы есебiнен аударулар;
 — басқа заңды тұлғалардан алынған несиелер;
 — депозиттік операциялар.
 Депозиттік операциялар — бұл заңды және жеке тұлғалардың тартылған қаржылары бойынша белгiлi бір мерзімге немесе талап ету салымы бойынша банктердің операциялары.
 Депозиттік операцияларды жүргізу кезiнде кез келген банк өздері дайындаған депозиттік саясатты ұстанады және олар өз кезегiнде келесi ережелерге негiзделедi:
 — депозиттік операциялар банктің пайда табуына немесе болашақта пайда табуға мүмкіндік жасауға негiзделiп ұсынылады;

Егеменді Қазақстанның мәдени саясаты
Енгізген: ERbol | күні: 12.07.2011

Егеменді Қазақстанның мәдени саясаты

 1.Қазақ мәдениетінің бастаулары.

 2. Дәстүр жалғастығы және заман талабы.


 Қазақ мәдениеті еуразиялық ұлы дала көшпелілерінің мұрагері болып
 табылады. Сондықтан осы ұлттық мәдениетті талдауды номадалық өркениет
 ерекшеліктерінен бастайық.

 Мәдени кеңістіктің маңызды қасиеті – оның тылсымдық сипаты. Мысалы,
 «ата қоныс» ұғымы көшпелілер үшін қасиетті, ол өз жерінің тұтастығының
 кепілі және көршілес жатқан мекендерге де қол сұғуға болмайтыныдығын
 мойындайды. Ата қоңыстың әрбір жағрафиялық белгілері халық санасында
 киелі жерлер деп есептелінеді, яғни қоршаған орта киелі таулардан, өзен
 – көлдерден, аңғарлар мен төбелерден, аруақтар жататын молалардан т.б.
 тұрады.

 Белгілі бір парасаттылық, ізгілік, ұстамдылық, интуициялық жоғары
 қабілеттері жоқ адамдар қатал далада өмір сүре алмас еді. Мәдениет
 олардың арасындағы нәзік үндестікті (гармонияны) білдіретін дәнекер
 қызметін атқарады. Қазақтың төл мәдениетінде экологиялық мәселе
 әдептілік жүйесіндегі обал және сауап деген ұғымдармен тікелей
 байланыстырылды.