Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Ақпарат танымдық порталы

Дүйсенбі, 20.05.2024
Главная » Файлы » Білім және ғылым » Психология,педагогика

В категории материалов: 165
Показано материалов: 121-130
Страницы: « 1 2 ... 11 12 13 14 15 16 17 »

Сортировать по: Күні
Тәрбие процесінің жүйесі мен құрылымы, тәрбие процесінің жалпы заңдылықтары
Енгізген: ERbol | күні: 16.07.2011

Тәрбие процесінің жүйесі мен құрылымы, тәрбие процесінің жалпы заңдылықтары

 ТП - күрделі динамикалық жүйе. Бұл жүйенің әр компоненті өз кезегінде өзіндік компоненттері бар жүйе ретінде қаралады. Қолайлы анықтау шектерін қолдану арқылы әрқилы жүйе мен құрылымдар түзуге болады. Қазіргі теориялық педагогикада ТП талаптарымен құрылған мынадай жүйелері белгілі: ТП мақсаты, міндеті, мазмұны, процестің өту жағдайлары, тәрбиеші мен тәрбиеленушінің қарым-қатынасы, тәрбие іс-әрекетінің қолданылатын әдістері мен формалары, процестің даму кезеңдері және т.б. Солардың кейбіреулерін қарастырайық:
 Мақсаттық талап ТП-нің құрылымын шешуге бағытталған міндеттердің бірізділігін білдіреді. Қазіргі мектеп жағдайында тәрбие процесінің бағыттары мынадай:
 үйлесімді, жан-жақты дамыту мақсатын есепке ала отырып, тұлғаны біртұтас қалыптастыру;
 азаматтық құндылықтар, әлеуметтік-бағдарлы мотивация, ақыл-ой, эмоционалдық және еріктік үйлесім ауқымы негізінде тұлғаның адамгершілік сапаларын қалыптастыру;
 оқушыларды ғылыми, мәдени және өнер, т.б. қоғамдық құндылыққа қатыстыру;

Тәрбие принциптерінің ерекшеліктері мен тәрбие гуманизациясы
Енгізген: ERbol | күні: 16.07.2011

Тәрбие принциптерінің ерекшеліктері мен тәрбие гуманизациясы

 Тәрбие процесінің принциптері (тәрбие принцип-тері) - бұл тәрбие процесінің мазмұнына, әдістеріне оны ұйымдастыруға қойылатын негізгі талаптарды анықтайтын бастау ережелері. Олар тәрбие процесінің өзіндік ерекше-лігін танытады. Педагогикалық процестің жалпы прин-циптерінен нақты тәрбие принциптерінің өзгешелігі - тәрбие міндеттерін шешудегі педагогтар ұсынатын ортақ ережелер екендігінде жатыр. Осы принциптерге қойылатын талаптарды сипаттайық.
 Міндеттілік. Тәрбие принциптері - бұл кеңес, нұсқау емес, олар толық және міндетті түрде тәжірибеге ұласуды талап етеді. Принциптерді дөрекі түрде әркез бұзу және ондағы міндеттерді орындамау тәрбиелеу процесінің пәрменділігін кемітіп қана қоймай, сонымен бірге ол принциптердің негізін, түп-тамырын ыдыратады. Егер тәрбиеші принцип міндеттерін бұзса, онда ол тәрбие процесі жетекшілігінен аластатылады. Тіпті, мысалы, егер педагог гуманистік принциптерді, жеке басты қадірлеу принциптерін қасақана әрі дөрекі бұзса, онда ол заңды жауапкершілікке тартылуы қажет.

Тұлғаның өзіндік тəрбиесі мен қайта тəрбиесі
Енгізген: ERbol | күні: 16.07.2011

Тұлғаның өзіндік тəрбиесі мен қайта тəрбиесі

 Өзіндік тəрбие – адамның өзіндік дамуға, өзіндік білім алуға, өз ұнамды қасиеттерін жетілдіріп, келеңсіз тұлғалық сапаларын жоюға бағытталған саналы əрі мақсатты бағдарланған іс-əрекеттері.
 Өзіндік тəрбие бірліктері - өзіндік таным, өзіндік талдау, өзіндік бағалау, өзіндік есеп жəне өзіндік қадағалау. Өзіндік тəрбие тəсілдері- өз өзіне бұйрық беру, өзіндік сергектік көтеру, өзіндік қолдап-қуаттау, өзіндік мадақ, өзіндік жаза.

Тұлға туралы ұғым
Енгізген: ERbol | күні: 16.07.2011

Тұлға туралы ұғым
 Жаңа туған нәресте «адам» деп аталғанымен, «тұлға» деген атқа көпке дейін ие бола алмайды. өйткені кісі болып ер жету үшін бала оңы мен солын, өзінің «менің» басқа «мендерден», яғни басқа адамдардан ажырата білуі тиіс.
 Тұлғаның түрткілері мен қасиеттері. Қызығу, дүинетану, сенім, мұрат. Адам қоғамнан тыс өмір сүре алмайды. Өйткені оның психикасытек айналасындағылармен қарым-қатынас жасау процесінде ғана қалыптасады, қоғамдық тәрбие арқылы адам белгілі мазмұнға ие болады. Адам санасының дамуы қоғамның дамуымен байланысты. Қоғамнан тыс адам өмірінің болуы мүмкін емес.
 Тұлға түсінігі. Адамға қатысты басқа категория (индивид, даралық, субьект, жеке даралық). Тұлғаның ғылыми – психологиялық бағытының тұлғаны танудағы философия, дін, өнерден айырмашылық ерекшеліктері.

Тұлға психологиясының негіздері
Енгізген: ERbol | күні: 16.07.2011

Жеке адам - индивид, субъект, тұлға, даралық ұғымдарының бірлігінен тұрады.
 Индивид - адамның белгілі текке қатысы (адам тегі - гомосапенс), сол тектің табиғи, өзіндік қасиеттерін іске асырушы.
 Субъект – белсенді, біртұтас адам.
 Тұлға – табиғи жағынан әлеуметтік, әлеқайда тұрақты, жүре пайда болатын мотивациялық қажеттілік, қатынастар жүйесін құрайтын күрделі психологиялық құрылым, әлеуметтік қасиеттердің жиыны.
 Даралық – қайталанбас, басқа адамдарға ұқсамайтын қырларымен сипатталатын адам.
 Адамның онтогенетикалық уақыты:
 - Жаңа туған нәресте – индивид;
 - Материалды негізде сана қалыптасады, адам субъектке айналады;
 - Сана негізінде өзіндік сана, тұлға өзегі қалыптасады;
 - Даму барысында адам даралықты иеленеді.

 Психологияда тұлға ұғымы көпмәнге ие, себебі тұлға көріністері әр-түрлі, ол қарама-қарсы, не құпия мінез-қылықтар арқылы байқалуы ықтимал.

Тұлға мәселесін теориялық тұрғыдан шолу
Енгізген: ERbol | күні: 16.07.2011

Тұлға мәселесін теориялық тұрғыдан шолу

 Психологтар арасында тұлғаға байланысты бірыңғай көзқарастардың болмағандағынан 300 астам анықтамалар жүзеге асуда. Тұлғаның анықтамасы сияқты оның құрылымдарында да біртұтас көзқарастар жоқ.
 Л.С. Выготский алғаш рет психикалық қызметтерді жоғары - мәдени және төменгі - табиғи деп бөлінуін ұсынды. Л.С. Выготский құрылымының негізінде, тұлғаның - өзегі -оның бағыттылығы деп атады. Бұл көзқарас зерттеушілердің көпшілігіне негіз болып қаланды (С.Л. Рубинштейн. 1957, Л.И. Божович, 1968, А.Н. Леонтьев, 1971, М. 3. Неймарк, 1972 және т.б.)-Алайда, көптеген авторлар тұлға бағыттылығының мазмұнын (мотивтер мен қажеттіліктер, ұмтылу мен талаптану. бағдар және т.б.) түрліше карастырады [1, 205 б].
 Л.С.Выготский пікірі бойынша, адамның тұлғасы өзінің енген қарым-қатынастарының кешенді әсерінің нәтижесінде дамиды.

Темперамент пен мінез психологиясы
Енгізген: ERbol | күні: 16.07.2011

Адамда темпераменттің әр түрлі типтерінің белгілі бір пайыздық мөлшері болады. Бұл темпераменттік мөлшерді (модельді) білу өзіндік бақылауды және өз істеріне баға беруді тиімді атқаруға мүмкіндік туғызады, қарым-қатынас жасаудың тиімді түрлерін және әдістері мен тәсілдерін дұрыс талдауға, өз іс-әрекетін сауатты жүргізуге, жолдастық жақсы қарым-қатынастар орнатуға ықпал етеді. Темперамент моделін анықтау әдістемесі берілген кестедегі тест ретінде ұсынылған «паспортты» толтыру қажеттілігін талап етеді. Темперамент формуласын анықтаудағы жұмыс тәртібі: а) Төрт топқа белінген қасиеттер жазылған мәтінді оқи отырып, егер, оның кейбірі өз бойыңыздан байқалатын болса, онда «иә» деп жауап беру қажет.

Тəрбиенің міндеттері мен қызметтері, тəрбие процесінің ерекшеліктері
Енгізген: ERbol | күні: 16.07.2011

Тəрбиенің міндеттері мен қызметтері, тəрбие процесінің ерекшеліктері

 Тəрбие педагогикада бірнеше қырларымен танылған:
 – əлеуметтік мағынада – бұл аға буын жинақтаған тəжірибені жас ұрпақ өкілдеріне өткізу. Тəжірибе дегеніміз – адамзаттың өз тарихи даму барысында жасаған рухани мұрасы, дəлірек айтсақ : адамдарға белгілі болған білімдер, ептіліктер, ойлау тəсілдері, құқықтық, адамгершілік жəне т.б. нормалар.
 – педагогикалық мағынада – бұл тəрбиеленушіге ықпал жасау үшін ұйымдастырылған арнайы іс-əрекет, тұлға қалыптастыруға бағытталған мақсатты процесс.
 Тəрбие қоғамдық талаптарға сəйкес болуы міндетті. Егер қоғам құқықтық демократиялық мемлекет құрып жатса, ендеше ондағы адам тəрбиесі адамгершілік, азаматтық заңдар мен қылық-əрекет нормалары рухында жүріп жатуы қажетті. Жалпы адамзаттық құндылықтар қалыптастырудың маңыздылығын ескерумен бірге əлеуметтік ортаның кездейсоқ та, мақсатты бағытта да əсер, ықпал жасайтынын естен шығармаған жөн.

Тəрбиенің жалпы заңдылықтары мен принциптері
Енгізген: ERbol | күні: 16.07.2011

Тəрбиенің жалпы заңдылықтары мен принциптері

 Жалпы заңдылықтардың ықпал аймағы тəрбие процесінің барша жүйесіне əсер етеді əрі оның аса маңызды бірліктері арасындағы байланыстарды танытады. Бірақ тəрбие процесі, біз білетіндей, педагогикалық процестің құрамды бөлігі болуымен осы процесс заңдылықтарына тəуелді келуі табиғи құбылыс. Бұл процесте даму жəне қалыптасу заңдылықтары əрекетке түседі. Бұдан шығатын қорытынды - тəрбие процесі аса күрделі де көп түрлі сипатқа ие. Тəрбие практикасы үшін өте қажет нəрсе: тəрбие процесінің тиімділігі (өнімділігі) мен тəрбие сапасын анықтайтын оның сипаттары жəне шарт –жағдайлары арасындағы байланыстардың қалай түзілетінін түбегейлі білу.

Тəрбие құралы – əлеуметтік орта
Енгізген: ERbol | күні: 16.07.2011

Отбасы, мектеп пен мектепке дейінгі тəрбие мекемелері, балалар жəне жасөспірімдер бірлестіктері, көше, бұқаралық ақпарат құралдары – бұлардың бəрі де тұлға дамуындағы қалыптастырушы ықпал жасайтын ерекше «тəрбиешілер» тобын құрайды. Отбасы айтқанына көндіріп тəрбиелейді; мектеп оңтайлы қылық, дұрыс көзқарас қалыптастыруға ұмтылады; балалар мен жеткіншектер ұйымдары қарым-қатынас жүйелеріне ендіреді; ал көше болса, отбасы, мектеп, əрқилы бірлестік топтар бере алмағандардың орнын толтырады. Бала осы аталған ұйымдардың өз өмірінде қайсысы басым болса, сонысын таңдайды, соның ықпал тəуелділігінде болады.
 Осыдан тəрбие тұлғаға ықпал жасаушы құрылымдардың өзара қатынастарымен бірлікте қарастырылады.
 Бала үшін отбасы – ең алғашқы да аса белсенді тұлғалық қалыптасу көзі. Осыдан отбасында қабылданған көзқарастар, салт-дəстүрлер, ұстанымдар, əрекет-қылық үлгілері тұлға микроэлементіне бастау беріп, оның барша өмірінің негізгі сипатын қалайды.
 Отбасы белгілі қызметтерді атқарады: