Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Ақпарат танымдық порталы

Жексенбі, 12.05.2024
Главная » Файлы » Білім және ғылым » Психология,педагогика

В категории материалов: 165
Показано материалов: 131-140
Страницы: « 1 2 ... 12 13 14 15 16 17 »

Сортировать по: Күні
Тəрбие құрал-жабдықтары жəне тəрбиенің негізгі формаларына сипаттама
Енгізген: ERbol | күні: 16.07.2011

Тəрбие құрал-жабдықтары жəне тəрбиенің негізгі формаларына сипаттама

 Тəрбие құрал-жабдықтары – бұл əлеуметтік тəжірибенің педагогикалық тəуелсіз көздері. Ниеттеген мақсатына жету жолындағы, субъектке тəрбиелік ықпал жасаушы əрқандай заттың бəрі тəрбие құрал-жабдығы есептеледі. Қоршаған болмыстың қалаған нысаны: зат, мүлік, дыбыс, аң, жануарлар, өсімдіктер, шығармашылық туындылары, құбылыстар, оқиғалар, өмірлік сəт көріністері жəне т.б. – тəрбиелік ықпалға ие. Тəрбие құрал-жабдықтары тəрбиеленушіге өздігінен əсер етеді, сонымен бірге оларды тəрбиеші мақсатты бағытта пайдалануы да мүмкін.
 Тəрбие құрал-жабдықтары қандай да тəрбие мақсатын іске асыру үшін іріктеледі. Мұндай да таңдау тəрбие əдісіне орайлас орындалады. Құралдар өмір құбылыстарын көз алдына келтіреді, тəрбиеленушілердің белсенділігін көтереді, материалды- техникалық тұрғыдан қамсыздандырады, психологиялық көңіл-күй шуағын береді, іс-əрекет сайманы ретінде қолданылады, қандай да қызметтің астарлы рəмізін айқындай түседі, т.с.с.

Этнопедагогика - халық педагогикасы туралы ғылым
Енгізген: ERbol | күні: 16.07.2011

Ел бірлігі деген сөзді ауызға алғысы келмейді

 Ел бірлігі жөнінде Есенберлин де көп айтқан екен, аудармашылар да есесін жібермеген екен. 6-тұжырым дәлелдемесінде үзілген жерінен жалғастырмай, Хаќназар ордасының төбе биі Аќсопының сүбелі сөзінің елді бірлікке шаќырған тұсынан мысал алайық: «Абдолла оңай жау емес… Бұған ќарсы тұру үшін ойдағы, ќырдағы ќазаќ тайпасының бас бірлігі керек. Отыз жылдан бері шалғай ќонып, шет жайлап кеткен Ноғайлы саңлаќтары, сендердің де ќайтадан өз үйірлеріңе ќосылғандарың абзал. Сөйтсек ќана біз ен жайлап, еркін көшкен елдігімізді саќтаймыз. Бұхар мен Хиуаның ќұлаќ кесті ќұлы болудан ќұтыламыз. Басымыз да, ќосымыз да бір болсын, елдігіміз мен белдігімізді бір жерден ойлайыќ, бізге ќосылыңдар. Сырымыз да, сыңайымыз да осы. Ќолмен келсек ќорќытќанымыз емес, жауға ќарсы ќайрат көрсетер күшіміз сендерге де көз ќуанышы болсын деп келіп отырмыз» [208-б.]. Осыншама «құлақтан кіріп бойды алған»,

Эмоция және сезім
Енгізген: ERbol | күні: 16.07.2011

Жеткіншектердің анықтау мақсатында - Кондашаның (1973) «Әлеуметтік мазасыздық шкалалары» арқылы жасалған қағидалар негізінде «мазасыздық шкала» методикасын қолдануға болады. Мұндай шкала типтерінің ерекшелігі, адам өзінде, қандай уайымдардың, қайғының, мазасыздықтың бар-жоғын бағалап уайымдамайды, тек қаншалықты мазасыздық шақыратынын қарастырады. Бұл шкаланың тағы бір маңызы, біріншіден мектеп оқушысында негізгі мазасыздық объектілерінің шындық жақтарын көрсетеді, ал екіншіден басқа типтерге қарағанда осы тип оқушыларда интроспекцияның дамуының ерекшелігіне аз мөлшерде тәуелді.
 Топта өткізуге рұқсат болатын, бланкілі әдістеме нұсқаулар мен тапсырмалардан құралған.
 Бланктің бірінші бетіне оқушының атын, тегін, сыныбын, жасын және зерттеудің өткізілген күні жазылады.
 Нұсқау: Келесі бетте өмірде кездесетін жағдайлардың тізімі берілген, соның кейбіреуі сізге жағымсыз болуы мүмкін, яғни қобалжуды, мазасыздықты, қорқынышты, үрейді шақыруы мүмкін.
 Әр сөйлемді мұқият оқып, сол жақтағы бір санды дөңгелектеп белгілеңіз: 1,2,3,4.

педагогика туралы
Енгізген: ERbol | күні: 16.07.2011

Қазіргі тәуелсіз Қазақстан Республикасында педагогика ғылымының зерттейтін негізгі мәселелері, проблемалары:
 - қоғамды демократияландыру, ізгілендіру жағдайында адамның жеке тұлға болып қалыптасу проблемасы;
 - Республиканың тарихи, мәдени, экономикалық, әлеуметтік ерекшелігі жағдайында жас ұрпақтың ұлттық санасын дамыту және халықтың бай дәстүрін тұтас педагогикалық процесте тиімді пайдалану проблемасы;
 - Дүниежүзілік мәдениетті, жалпы адамзаттық құнды игілікті және дүние танымдық көзқарасты, халықаралық қатынасты қамтамасыз ететін – ана тілі проблемасы; сондықтан тәрбиенің басты мақсаттарының бірі - әрбір сәбиден бастап рухани, адамгершілік байлықтың көзі ана тілін жетік меңгеруді, әрбір адамның өмірлік қажеттілігіне айналдыру проблемасы;

Шәкәрім Құдайбердіұлының педагогикалық көзқарастары туралы
Енгізген: ERbol | күні: 16.07.2011

Шәкәрім Құдайбердиевтің педагогикалық көзқарастары.
 (1858-1931 ж.ж)

 Қазақ халқының тарихы мен мәдениетінде өзіндік із қалдырған, ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың бас кезінде өмір сүрген, ұлы Абай мектебінің дәстүрін жалғастырушы, өзінен кейінгі ұрпаққа сарқылмас мол мәдени мұра қалдырған Шәкәрім Құдайбердиев белгілі гуманист ақын, ойшыл тарихшы-шежіреші ағартушы, ғұлама болды.
 Шәкәрім Құдайбердиев халықымыздың қоғамдық ағартушылық, мәдени және әдеби өміріне белсене атсалысқан, ағартушылық-демократиялық, гуманистік идеяларды насихаттаған, Шоқан, Абай, Ыбырай ұстаған ағартушылық дәстүрді ілгері жалғастырушылардың бірі болды.
 Шәкәрім жөнінде жарық көрген әдебиеттерді жан-жақты талдай отырып, оның педагогикалық көзқарасын, ағартушылық қызметін, ақынның даралық ерекшеліктерін танытатын қасиеттерін саралай келе ғылыми жүйеге келтіріп зерттеу және болашақ мұғалімдерді даярлау жүйесінде кеңінен пайдалану, мектеп мұғалімдеріне бұл бағытта әдістемелік нұсқаулар беру қажеттілігі туындайды.

ХХ ғасырда этнопсихологияның Ресейде дамуы
Енгізген: ERbol | күні: 16.07.2011

Физиолог И.Ч. Сеченев (1829-1905) этнографтардың қолданбалы зерттеу нәтижелерін бақылап отырды. Әлем халықтары психикасын жан-жақты зерттеуге талпынысын қолдап отырды. Сонымен қатар, мұны халықтың рухани даму өкілдері арқылы ғана емес, тұлғаны зерттеудегі арнайы психологиялық әдістемелерді қолдану арқылы да зерттеу керек деді.

 Психиатр және психолог, Психоневрологиялық институттың ұйымдастырушысы және басқарушысы, «Коллективная рефлексология» жұмысының авторы, «Общая психология» « Внушение в общественной жизни» еңбектерінің авторы В.М. Бехтерев (1857-1927) этнопсихология сұрақтарын назардан тыс қалдырмады.

Халықтық тәрбие - әлеумегтік-педагогикалық құбылыс
Енгізген: ERbol | күні: 16.07.2011

Халықтық тәрбие тарихи даму процесіндегі тірі дене болып табылады. Табиғатқа сөйкестілік, табиғи салдарлар қағидасы өте карапайым түрде болса да, олардың педагогика ғылымыңда негізделуінен көп бұрын халықгың ауызша шығармашылығында көрініс тапты. Тарихтың тәрбиелік мөнін есте ұстай отыра ел қорғаған, халық тыныштығы үшін күрескен көсемдер мен осы тарихи оқиғаларга арналған ауызша халықтық шығармашылықтың өзі -халықтың азаттық қозғалысы тарихын өзіндік және қарапайым да асқақ түрде бейнелеп және келешек ұрпақтың, патриоттық және рухани-адамгершіліктік трғыда қалыптасуына ықпал жасайтынын ұмытпау керек.
 Халықтық педагогиканың өлеуметтік бағыттылығы, әсіресе көне жазба ескерткіштердегі мақалдар мен мәтелдер, ертегілер мен жырлар, бата, тілек секілді тәрбие құралдарында толығырақ бейнеленген. Олардың шығу тегі мен тарихи дамуын есепке альш сипаттау, тарихи-генетикалық түрғыдан қарастыру халық педагогикасын тереңірек түсінуге мүмкіндік береді жөне оның демократиялық сипатына назар аудартады. Әрине, этнопедагогика тарихында ертедегі қазақстандықгардың еңбекке тәрбиелеу дәстүрлері мен кәсіпке үйретушілік жүйесі, әртүрлі қозғалмалы ойындары мен жарыстары, саналуан өдет-ғұрыптар мен өмір салттары терең із қалдырды. Халықта эстетикалық төрбие берудің өзіндік үлгісі болды. Оның сипатты ерекшелігі еңбек тәрбиесімен тығыз байланыстылығы.

Халық педагогикасының негізгі қағидалары туралы
Енгізген: ERbol | күні: 16.07.2011

Халық педагогикасының негізгі қағидалары

 Тәрбиенiң негiзгi қағидаларының (принциптерi) болуы занды құбылыс. Халық педагогикасының негiзгi қағидаларын арнайы сөз етсек, олар мыналар демекпiз:
 1. Келер ұрпақтың ақылды, намысқор, арлы, өмiршең азамат болуын тiлеу.
 Жас нәрестенiң дүниеге келуi ата-ана, ағайын-туыс, қауым-көпшiлiкке зор қуаныш әкелумен бiрге, борыш та жүктей келедi. Дәлiрек айтсақ ұрпақты тәрбиелейтiн халық мектебiнiң есiгi сәбидiң алғаш дүниеге келген күнiнен бастап айқара ашылады. Ол белгiлi мақсат-тiлекпен байланысты туындайды.
 Отбасы үлкендерiнiң бәрi жаңа туған жас баланы отанның, елдiң асыл азаматы болуын аңсап армандайды. Өнегелi үлкендерге ұқсасын деп, дарынды, өнерлi, ақылды ақсақалдарға баланың аузына түкiртiп, азан шақыртып, атын қойғызады. "Ақылын, жасын берсiн” деп, жаңа туған нәрестенi қарияның шапанының етегiне орайды. Ұрпағы өскен қадiрлi анаға кiндiгiн кестiредi, бесiкке салдырады, қырқынан шығарту ырымдарын жасатады, тұсауын кескiзедi. Үлкендерден бата алғызады. Халықтың балаға арналған ырым, бата-тiлектерiнде келешектен күткен үлкен үмiт, аңсау арман бар. Тәрбиенiң алғашқы қағидасы ата-ананың аңсау арманымен, баладан күтер үмiтiмен үндесiп жатыр.

Халық педагогикасы – этнопедагогиканың зерттеу объектісі
Енгізген: ERbol | күні: 16.07.2011

Халық педагогикасы – этнопедагогиканың зерттеу объектісі

 Адам баласы әу бастан өз ұрпағын өмiрге, еңбекке икемдеп, тәрбиелеп келгенi көпке аян. Бүгiнгi қалыптасқан белгiлi ғылыми-теориялық заңдары бар педагогика ғылымы өмiрге келгенше де адамзат тәрбие iсiмен айналысып бақты. Оның қағазға жазылып түспеген, бiрақ халық жадында мәңгi сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа ғасырлар бойы ауызша нақыл-ақыл, өсиет-өнеге, қағида болып тарап келген бiлiм-бiлiк, тәлiм-тәрбие беру тағлымдары бар. Ол халықтық педагогика деп аталады. Халықтық педагогика салт-дәстүр, жол-жора, ырымдар, тағам дайындау, қонақ күту рәсiмдерi мен ауыз әдебиетi үлгiлерi, ұлттық ою-өрнек, өнер түрлерi, спорт ойындары арқылы отбасылық тәрбиеден басталып, ауыл-аймақ, ел-жұрт, ру-тайпа, қала бердi бүкiл халықтық қарым-қатынастан берiк орын алған тәлiм-тәрбиенiң түрi, адам мiнезiн, iс-әрекетiн қалыптастырудың белгiлi нормасы болып табылады.

Халық педагогикасы мен ғылыми педагогиканың сабақтастығы туралы
Енгізген: ERbol | күні: 16.07.2011

Халық педагогикасы мен ғылыми педагогиканың сабақтастығы

 Халықтық тәрбиенiң осы басты қағидаларының ғылыми педагогикамен байланысы қандай дегенге келейiк.
 1. Халық педагогикасында тәрбие iсiн баланың жас ерекшелiгiн ескере отырып жүргiзудi талап еткен. Мәселен, ұлыңа бес жасқа дейiн патшадай қара, он бес жасқа дейiн қосшыңдай сана, он бес жастан асқан соң ақылшы досыңдай бағала” деген мәтел баланы еркiн тәрбиелеудiң, көмекшiм деп үмiтпен қараудың, ақылшым деп тең санаудың қажеттiгiн мегзейдi. Ал бұл ғылыми педагогиканың ынтымақтастық принципiмен қабысып жатыр.
 2. Халық педагогикасында тәрбие iсiн әр баланың жеке бас ерекшелiктерiн (психологиясын) ескере отырып жүргiзудi де ескертедi. "Баланы туады екенсiң, мiнездi тумайды екенсiң”, "Бiр биеден ала да туады, құла да туады”, "Балаңа үмiт арту — әкенiң парызы, ақтау — баланың қарызы” деп ой түйiндеген.
 3. Халық педагогикасы баланың тәрбиесi туған, өскен ортасына, ата-ананың, отбасы үлкендерiнiң, ұстазының үлгiсiне байланысты деп қараған. Өскен ортаның тәрбиедегi әсерi жөнiнде А.С.Макаренко, Н.К.Крупская, А.В.Сухомлинский, А.Құнанбаев, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев сынды ұлағатты ұстаздардың ой-пiкiрлерi де халық педагогикасының қағидаларымен үндесiп жатыр.