Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Ақпарат танымдық порталы

Дүйсенбі, 20.05.2024
Главная » Файлы » Білім және ғылым » Психология,педагогика

В категории материалов: 165
Показано материалов: 61-70
Страницы: « 1 2 ... 5 6 7 8 9 ... 16 17 »

Сортировать по: Күні
Мұғалімнің сабаққа дайындалу жұмыстары-тақырыптық және жеке сабақтардың жоспары
Енгізген: ERbol | күні: 17.07.2011

Мұғалімнің сабаққа дайындалу жұмыстары-тақырыптық және жеке сабақтардың жоспары

 Мұғалім сабақты пысықтау, бекіту және соған орай оқушылармен практикалық жұмыстарды орындау барысында олардың белсенділігін оятуы тиіс. Әсіресе, оқушылардың қабілетімен қатаң санасып отыруы керек. Сондықтан, олармен жеке дара немесе топтық және ұжымдық әрі фронталдық жұмыс түрлерін ұйымдастырады.
 Оқыту процесі - мұғалімнің бір мезгілде барлық оқушыларды бірыңғай оқытуы болғанымен де, негізінен ол оқушының жеке дара жұмысының түрі. Себебі, әрбір оқушы оны өзінің шама-шарқысы, дайындық жағдайына байланысты өзінше қабылдап, меңгереді.

Мұғалім мен оқушының субъектив-объектив əрекет жолдарымен мақсатқа жетуді көздеген педогогикалық процесс -білім
Енгізген: ERbol | күні: 17.07.2011

Мұғалім мен оқушының субъектив-объектив əрекет жолдарымен мақсатқа жетуді көздеген педогогикалық процесс -білім.

 Білім –бұл мұғалім мен оқушының субъектив-объектив əрекет жолдарымен мақсатқа жетуді көздеген педогогикалық процесс жүрісі. Адамның тұлғалық дəрежеге жетуі оның қоғам мұраттарына сай қалыптасуы педагогикалық процестен тыс іске асуы мүмкін емес.
 Педагогикалық процесс осыдан білім беру, тəрбиелеу жəне дамыту міндеттерін шешуге бағытталып, арнайы ұйымдастырылған педагог пен тəрбиеленуші арасындағы өзара ықпалды қызметті аңдатады, яғни педагогикалық процесс – бұл анайы тар мағынадағы оқу мен тəрбиенің бірлігін қамтамасыз ету жолымен кең мəндегі тəрбиені іске асыруды көздеген біртұтас процесс.

Мұғалім деген кім?
Енгізген: ERbol | күні: 17.07.2011

Ұстаздың шеберлігі - талантты қажет ететін ерекше бір өнер емес, бірақ, ол басқа да мамандарды шеберлікке үйретуде қажет болатын мамандық. Жас ұрпақ тәрбиесіне бүкіл ғұмыры мен қажыр-қайратын және бойындағы асыл сезімдерін бағыттаған мұғалімдерді айтуға болады.

Оқыту барысындағы диагностика және бақылау-қадағалау
Енгізген: ERbol | күні: 17.07.2011

1. Оқу сапасын диагностикалау
 Білімдену процесінің ажыралмас бір бөлігі диагностика болып табылады. Диагностика жəрдемімен белгіленген мақсат, міндеттердің табысты орындалуы анықталып барады. Ол болмаған жерде дидактикалық процесті тиімді басқару мүмкін емес. Диагностика – бұл дидактикалық процестің нəтижесін анықтау.
 "Диагностика” түсінігінің мəні "білім, ептілік жəне дағдыларды тексеру” түсінігімен салыстырғанда едəуір тереңдеу əрі кең. "Тексеру” нəтиженің тек көрсеткіштерін ғана аңдатады, не себептен болғаны жөнінде дерек бермейді. Ал диагностикалауда нəтиже өзіне қол жеткізген əдіс – тəсілдермен бірге қарастырылады, дидактикалық процестің бағдар – бағытын, ілгерілі не кері қозғалысы анықталады.
 Диагностика өз ішіне бақылау мен тексеруді, бағалау мен бағаны, жинақталған статистикалық деректер талдауын, дидактикалық процестің жүрісін, бағытын жəне жобалануын қамтиды.

Оқушылардың әлеуметтік және туристік таңдауы
Енгізген: ERbol | күні: 17.07.2011

Тақырыпқа байланысты ой тарқатпастан бұрын «туризм дегеніміз не?» деген сұраққа жауап берейік.
 «Туризм» термині С.И.Ожеговтың: «Словарь русского языка» еңбегінде: «Вид путешествии, совершаемых для отдыха и с образовательными целями, вид спорта» деп көрсетілген. 10-шы сыныпқа арналған «Дүние жүзінің әлеуметтік және экономикалық географиясы» оқулығы бойынша туризмнің негізгі атқаратын 4 мақсаты аталады, олар:

Оқушылардың шығармашылығын дамыту мақсатында техникалық еңбек сабақтарының міндеті
Енгізген: ERbol | күні: 17.07.2011

Оқушылардың шығармашылығын дамыту мақсатында техникалық еңбек сабақтарының міндеті.

 Біздің заманымыз ғылым мен техниканың шыңына жеткен заманы деп біз жоғарыда атап өткен болатынбыз. Әр заманның ғылым саласынан адамға қоярлық өзінше талаптары бар. Біз өмір сүріп жатқан заманның адамға қоятын талабы ретінде «Білікті бірді жығады, білімді мыңды жығады» деген қазақ халқының көнеден келе жатқан мақалын алғым келіп отыр. Себебі, бүгін алға шабам дегендер, білімнің бұлағынан нәр алуы, ғылымның әр саласынан хабардар болу керек. Жан-жақты ақпараттандырылған адам өмірде өз жолын тауып, мақсаттарына жете біледі. Бірақ білім-ғылым деп, тәрбиені тыс қалдыруға болмайды. Бүгінгі таңда мектеп мұғалімдеріне қойылатын талап – баланы оқыта отырып тәрбиелеу. Осы принципті басшылыққа алған ұстаз оқушысын білімді, өнегелі әрі мәдениетті етіп шығарады. Осы айтылғандардың барлығын меңгерген оқушы творчество, техника т.б. салаларында жан-жақты дамиды.
 Қазір мектеп бітіруші жастарды техниканы меңгеріп, оның тетіктерін жетік білетін етіп тәрбиелеу міндеттері қойылып отыр. Адам баласы қандай бағытқа бейім болсын, ең алдымен оның шығармашылығының деңгейі биікте болу керек. Ал шығармашылық кез-келген ғылымның саласын меңгеру барысында дамиды. Сол сияқты техникалық еңбек сабағында балаларға заманымызға сай білім бере отырып, шығармашылық және жеке қасиеттерін дамытудың мәні зор.

Оқушылардың оқу танымдық әрекетін тексеру және бағалау
Енгізген: ERbol | күні: 17.07.2011

Оқушылардың оқу танымдық әрекетін тексеру және бағалау

 Оқыту процесінде оқушылардың білім, білік, дағдыларын есепке алу, бақылау және бағалау оның аса қажет құрамдас бөлігі болып есептеледі. Мұғалімнің сабақтар жүйесінде оны дұрыс ұйымдастыра білуі, көптеген жағдайда оқу-тәрбие процесінің табысты болуының оң кепілі. Ол үшін, мұғалім оқушының оқу материалын меңгеру дәрежесін, сапасы мен көлемін үнемі анықтап отыруы тиіс. Бұл бағытта оқушылардың, сабақтар жүйесінде білім, білік, дағдыларын есепке алу, бақылау және бағалаудың маңызы ерекше. Бақылаудың көмегімен теориялық білімді меңгерудегі сапа, біліктілік пен дағдының қалыптасу дәрежесі анықталады.

Оқушылардың іс-əрекетін ұйымдастыру əдістері
Енгізген: ERbol | күні: 17.07.2011

Оқушылардың іс-əрекетін ұйымдастыру əдістері

 Тəрбие көзделген əрекет-қылық (поведение) типін қалыптастыруы міндетті. Тұлға тəрбиелілігі түсінік, ұғымнан көрінбейді, ол адамның нақты іс-əрекетімен бағаланады. Бұл тұрғыдан іс-əрекет ұйымдастыру мен қылық қалыптастыру тəрбие процесінің өзегі ретінде қарастырылады. Аталған топтағы əдістердің бəрі тəрбиеленушілердің практикалық іс-əрекетіне негізделген. Мұндай іс-əрекетті басқару үшін педагог оны құрамды бөліктерге – нақты істер жəне қылықтарға жіктейді.

Оқушыларды ынталандыру əдістері
Енгізген: ERbol | күні: 17.07.2011

Ынталандыру əдістері

 Тəрбиеленушіні белгілі іс-əрекетті орындатуға талаптандыру ниетімен қолданылатын əдістер тобында ынталандырудың орны өз алдына. Бұл əдістің ежелден-ақ мадақтау мен жазалау түрі белгілі. XX ғасыр педагогикасы жəне бір өте əсерлі ынталандыру əдісі – жарыстыру əдісін алға тартып отыр. Кейінгі он жылдықта дəстүрлі ықпал əдістеріне қосымша субъектив-прагматикалық əдістің тиімділігі жариялануда. Ғылыми зерттеулер мен практика нақтылағандай, бүгінгі жастардың ерекшелігі - өмірге болған прагматикалық (пайдакүнемдік) қатынасы. Осыдан қазіргі заман оқушысы өзіне, өз жолдастарына тəрбие маған не береді, неге, қай уақытта ол қажет, одан түсер пайда қандай жəне қаншалықты деген сұрақтарды үстемелеп қоятын болды. Осы секілді пайдакүнемдік – прагматикалық бағытты ескере отырып, кейбір шет ел педагогикалық жүйелері тəрбие процесін тəрбиеші мен тəрбиеленуші арасындағы коммерциялық қатынас сипатында бағалайды. Ал мұндай қатынас өзегі – пайда. Əдіс əлі қалыптасып, ресми қабылданған емес, бірақ тұрмыста тəрбиеші мен тəрбиеленушілер арасында түзілетін келісім-шарттар жүйесімен біртіндеп тұрақтануда.

Оқудың педагогикалық технологиялар түсінігі және педагогикалық технологиялар сипаттамасы
Енгізген: ERbol | күні: 17.07.2011

Оқудың педагогикалық технологиялар түсінігі және педагогикалық технологиялар сипаттамасы

 Көптеген уақыттар желісінде «технология» түсінігі педагогикалық ұғымдар қорынан тыс қалып келді. Шынайы мəні («шеберлік жөніндегі ілім») педагогикалық міндеттерге: педагогикалық процесті сипаттау, түсіндіру, болжау, жобалау – сай келсе де, ол технократиялық тіл элементі ретінде қарастырылды.
 Педагогикалық əдебиеттерде қандай да педагогикалық технологиялар сипатын айқындаушы көптеген терминдер ұшырасады, мысалы: оқу-үйрену, тəрбиелеу, оқыту технологиялары, білімдендіру жəне дəстүрлі технологиялар, бағдарламаластырылған жəне проблемді оқу технологиялары, авторлық технология жəне т.б.