Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Ақпарат танымдық порталы

Жұма, 10.05.2024
Главная » Файлы » Білім және ғылым » Психология,педагогика

В категории материалов: 165
Показано материалов: 41-50
Страницы: « 1 2 3 4 5 6 7 ... 16 17 »

Сортировать по: Күні
Жеке тұлғаның қалыптасу жүйесінің әлеуметтік маңызы
Енгізген: ERbol | күні: 17.07.2011

Жеке тұлғаның қалыптасу жүйесінің әлеуметтік маңызы

 Әрбір елдің мемлекеттік болмысы мен күш-қуаты оның мүшелерінің денсаулығына ғана байланысты екенін адамзат тарихының ілімі дәлелдеп отыр.
 Мәселен, XIX ғасырда адамдар жұмыстың 10% ғана қолмен орындаса, қалған 90% рөлін техника атқарады. Оның өзінде, сол 10%-дық қол жұмысы дегеніміз - отырып немесе тұрып техниканың жұмыс істеп тұрған тетігін басқару мен реттеу ғана болады. Осының салдарынан адам баласының күнделікті тіршіліктегі денсаулығын толық қамтамасыз ететін қозғалысы азаяды. Бұл дегеніңіз адам ағзасының жұмысы бұзылып, денсаулығының төмендеуі, нақтырақ айтқанда ауруға шалдығуына әкеп соқтырады.
 Адамзаттың ойшылы Аристотель «жанды дене қозғалмаса өледі» деген қағидасын әр адам күнделікті тіршілігінің бағдарламасы деп түсінуі керек. Осыған орай, қосымша қозғалыстың әлеуметтік маңызы неден тұрады? Адам баласы жаратылысынан бері ұзақ өмір сүрудің тиімді жолдарын іздеумен келеді. Бұл - жеке бастың арнаулы уақыт тауып, тұрақты түрде дене шынықтыру жаттығуларымен шұғылдануы.
 Иә, дене шынықтыру жаттығуларымен тұрақты түрде шұғылдану деген сөз - салауатты өмір сүрудің негізгі көзі. Дене шынықтыру жаттығуларымен шұғылданудың өзіне тән мақсатты жүйесі болады.

Жеке тұлғаны ұлттық құндылықтарға бағыттап оқыту
Енгізген: ERbol | күні: 17.07.2011

Бүгінгі ғаламдану процесінде ұлттық құндылықтарды сақтау мен өзінің бет-бейнесін, ізгі дәстүрлерін сақтау жолындағы күрес ұлттық сананы сақтау күресі екенін түсіну.
 Ұлттық тәрбие деп жеке тұлғаның ұлттық сана сезімі мен мінез-құлқының ана тілін, ата тарихын, төл мәдениетін және ұлттық салт-дәстүрлерді меңгеруі негізінде қалыптасуын айтамыз.[1,273 б.]
 Ұлттық мәдени құндылықтар дегеніміз не? Қарапайым тілмен айтқанда ұлттық мәдени құндылықтар – белгілі бір ұлтқа, ұлт азаматына тән зат, адами қадір-қасиет, яғни халық ғасырлар бойы жинақтаған ұлттық рухани және материалдық құндылықтар.

Жалпы психология пәні, мақсаты, міндеттері
Енгізген: ERbol | күні: 17.07.2011

Жалпы психология пәні, мақсаты, міндеттері
 Жалпы психология - өзінің даму тарихы, пәні мен зерттеу әдістері бар психологиялық ғылымдардың негізгі салаларының бірі..
 Жалпы психология антикалық кезеңнен баста у алып, философия аясында психологиялық зерттеулердің облысы ретінде қалыпьасты. ХХ ғасырда дербес ғылым ретінде қалыптаса бастады және 1879 жылы Лейпциг қаласында дүние жүзінде бірінші рет психологиялық лаборатория ашылды, онда эксперимент әдісі қолданылып өзіндік жеке мәртебеге ие болды.
 Жалпы психологияның қазіргі даму кезеңіндегі өзекті мәселелеріне – бұл оның теориялық-әдіснамалық негіздерін бекіту және кеңейту; зерттеудің жаңа әдістерін өңдеу; табиғи және жасанды (лабораториялық) жағдайларда адамның психикалық процестерінің дамуы мен жұмысының құрылымдарын зерттеу; өмірлік іс-әрекеттерінің субъектісі болып табылатын адамның жеке басының дамуын, құрылымдарының заңдылықтарын табу; барлық психологиялық ғылымдардың көпқырлы зерттеу тәжірибелерін жалпылау жатады.

Ерте ғасырдағы ойшылдардың этнопсихология ғылымына қатысты негізгі ойлары
Енгізген: ERbol | күні: 17.07.2011

Ерте ғасырдағы ойшылдардың этнопсихология ғылымына қатысты негізгі ойлары

 Антикалық заманнан бастап, әр заманның философтардың, тарихшылардың, қолбасшылардың, саясаткерлердің көптеген еңбектерінен әр түрлі халықтардың психологиялық ерекшеліктерін кездестіруге болады. Бірақ ғылыми этнопсихологияның пайда болуы екі неміс ғалымдарынан бастау алды философ Мориц Лацарус (1824-1903) және тіл зерттеуші Химан Штейнталь (1823-1899). Шетел этнопсихологиясы – антропология, этнография, психология, әлеуметтану ғылымдарының түйіскен жерінен пайда болды, бұл Батыстағы ғылымның пән аралық тармағы.

Менің жанұям
Енгізген: ERbol | күні: 17.07.2011

Отбасында негізгі туыстық қатынас – ерлер жағымен есептелген. Сонымен қатар әйел жағымен де туыстық байланыстардың атаулары бар. Қыздан туған балаларды жиен деп атап, балалар үшін шешесінің туыстары нағашы, нағашы жұрт деп аталды. Қазақ салты бойынша жиенді ренжітуге болмайды, сұрағанын беріп, көңілін жықпауға тырысқан.
 Жалпы алғанда, қазақтың туыстық қатынас атаулары 90-ға жетеді.

 Көнекөз шежіреші қариялар бір атадан келесі атаның баласын, туыстық тармақтарды еш қиналмастан-ақ тарқата береді. Осылайша, тарихи оқиғалар, аңыз-әңгімелер атадан балаға жалғастырылады.

 Қазақ отбасы негізінен үш ұрпақтан тұрады. Ол – ата, әже, бала.

Мектептің педагогикалық ұжымы. Педагогикалық ұжымның ерекшеліктері
Енгізген: ERbol | күні: 17.07.2011

Мектептің педагогикалық ұжымы. Педагогикалық ұжымның ерекшеліктері

 Басқарудың және өзін-өзі дамытудың субъектісі ретінде қазіргі педагогикалық ұжым туралы ұғымдар орыс педагогтары Л. Н. Толстой, К. Д. Ушинский, Н. И. Пироговтардың оқыту мен тәрбиенің өзара байланыстылығы, оқушылар мен педагогтардың бірлесе жұмыс істеуі, педагогтардың өзін-өзі дамытуға ұмтылуы сияқты идеяларының ықпалымен қалыптасты.

Мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін қалыптастырудың педагогикалық шарттары
Енгізген: ERbol | күні: 17.07.2011

Кіріспе

 Зерттеудің көкейкестілігі. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев ұсынған «Қазақстан-2030» стратегиясында негізгі бағыттардың бірі ретінде халықтың ұлттық моделі мен салт-дәстүрлерін есепке ала отырып, білімі мен білігі жағынан өркениетті елдердегі замандастарымен қатар тұра алатын, бойында ұлттық, отаншылдық рухы мықты қазақстандықтардың жаңа ұрпағын тәрбиелеу қажеттігі баса айтылған [1].
 Мектеп жасына дейінгі балалардың мемлекеттік міндетті білім беру стандартының жобасында: «Мектепке дейінгі білім беру – Қазақстан Республикасының жалпы білім беру жүйесінің құрылымдық бөлімі ретінде маңызды роль атқарады, себебі оның шегінде баланың табиғилық сапалары мен ерекшеліктері анықталып, олардың даму жағдайлары қамтамасыз етіледі...» деп көрсетілген [2] .

Мектепішілік бақылау және басқаруды реттеу-жалпы ережелер
Енгізген: ERbol | күні: 17.07.2011

Мектепішілік бақылау және басқаруды реттеу Жалпы ережелер

 Жете зерттелгеніне қарамастан мектептен тыс тәрбие жұмыстарын ұйымдастырушының (мектеп директорының орынбасары құқында) міндеттерінің аясына балалар шығармашылығының сарайлары, жас натуралистер, жас техниктер станциялары, балалар бірлестіктері мен клубтары сияқты қосымша білім беретін мекемелермен байланыс орнату; сынып жетекшісінің жұмыс мазмұнын жақсарту, оларға әдістемелік көмек көрсету, оқушылардың тұрғылықты жері бойынша жұмыс жүргізу Б¥¥ Конвенциясының талаптарына сай балалардың қоғамдық ұйымдарына қолдау көрсету сияқты өзекті мәселелер жатады.
 Демек, бақылау процесінде жинақталған нақты материал педагогикалық талдауға негіз болады. Сондық-тан мектепішілік бақылау мен педагогикалық талдау мектеп қызметінің бір бағыты деп есептелінеді.
 Мектепішілік бақылаудың ерекшелігі оның бағалау қызметімен байланысты. Ол бағалау мұғалім тұлғасының ерекшелігін ескеруге бағытталады. Егер бақылаушы жас мұғалім болса, бағалау оның кәсіптік қалыптасуына, еңбек өтімі мол мұғалім болса оның кәсіпқойлық позициясы-ның нығаюы немесе әлсіреуі және мектептегі беделіне байланысты болмақ. Сондықтан тексеру барысында тексерушінің кәсіпқойлылығы мен ісін жете білуінің маңызы зор. Тексерушілік қызметті орындайтын қазіргі инспектор немесе мектеп директоры кісілік келбеті мығым тұлға болуы қажет

Мектеп – білім тірегі, Ұстаз - оның жүрегі
Енгізген: ERbol | күні: 17.07.2011

МҰҒАЛІМ МӘДЕНИЕТІ

 Атақты педагог, ғалым В.А.Сухомлинский "Мұғалімдік мамандық – бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты, шым–шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер – ол даналықты жүрекпен ұға білу болып табылады”- деп, ұстаздық өнерге ерекше баға берген.
 Жас жеткіншектерге тәрбие беру ісінде мұғалімнің атқаратын міндеті зор.
 Ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып, мұғалім мәдениеті мен шеберлігін төмендегідей бөліктермен анықтауға болады;
 1. Мұғалімнің сыртқы келбет мәдениеті.
 2. Мұғалімнің өзін-өзі басқару шеберлігі.
 3. Мұғалімнің мимика және понтомимика ишараларының (жест) мәнерлі негіздері.
 4. Мұғалімнің мәдениеті, әдебі, сөйлеу шеберлігі, шешендік қасиеті, дем алуы, дауыс дикциясы, интонациясы.

Махмұд Қашғари еңбектеріндегі халықтық педагогика мәселелері
Енгізген: ERbol | күні: 17.07.2011

Махмуд Қашғари еңбектеріндегі халықтық педагогика мәселелері

 Түркі халқының XI ғасырда өмір сүрген келесі бір талантты перзенті МАХМҰД КАШҒАРИ. Кашғари көтерген қай мәселе болмасын деректі материалға негізделіп, білімдік-тербиелік мәнділігімең ерекшелетіндігі "Сөздіктегі" табиғатпен біте қайнаскан халық болмысын кеңінен баяндап, оның сан-салалы тіршілігінің көптеген жәйттерін ашып беруге көмектесетін автор мәлімдеулері мен біртуар ғалымның туған өлкенің географиялық жағдайларына халыктық астрономиялық білімдеріне қатысты талдауларынаң да айқын байқалады.