Главная » Файлы » Білім және ғылым |
В разделе материалов: 646 Показано материалов: 451-460 |
Страницы: « 1 2 ... 44 45 46 47 48 ... 64 65 » |
Көлік құралдарына салынатын салық | |
Кіріспе Қазіргі нарықтық экономика жағдайында болып жатқан және мейлінше табиғи құбылысқа сәйкес халықтың әлеуметтік және экономикалық негізде бір-бірінен мүліктік жағынан алшақтай түскен ауқатты топтарына прогресшіл салықтар жүйесін енгізу болып табылады. Ондай ауқатты адамдар қазіргі күрделі өтпелі кезеңде салықтың негізгі ауыртпалығын салықтың өз мойындарына алулары тиіс екендігін жете түсінетін болуы қажет. Салық практикасы мен экономикалық конъюнктура акцизделуге жататын бірқатар тауарларға салық салу жөніндегі нормативті базалардағы өзгерту қажеттілігін қатаң талап етіп отыр. Бұл жерде мынаны атап айту қажет. Кедендік салықтар мен акциздер төлемі саласындағы жеке адамдарға арналған жеңілдіктер беру практикасын пышақ кескендей тоқтату жөнінде шешім қабылдайтын уақыт әлдеқашан жетті. |
Лизингтің экономикадағы мәні мен мазмұны | |
Лизингтің экономикадағы мәні мен мазмұны Лизингтің даму тарихы Лизингтің идеясы жас емес. Берілген деректер бойынша адамзатқа лизингтің ертеден болуы белгілі. Көптеген тарихшылар мен экономистердің пікірінше, лизинтік келісім-шарттар б.э.д. Шумер мемлекетінде де жасалды. Аристотельдің (б.э.д. 384 / 383 - 322 ж.ж.) "Богатство состоит в пользовании, а не в праве собственности” атты еңбегінде лизинг идеясы туралы пікірлер жазылған. Басқа сөзбен айтқанда, пайда алу мақсатында мүліктің иесі болуы міндетті емес, осы мүлікті пайдалану құқығы болу керек, соның нәтижесінде пайда алу мүмкін болады дейді. Лизинг ертеде тек белгілі бір меншік түрлерін жалға алумен шектелген жоқ. Тарихи мәліметтер бойынша, ауылшаруашылық техниканың түрлері және шеберлік құрылғылар, сонымен қатар әскери техника да жалға алынды. |
Лизинтгтік операциялар есебі | |
Менің курстық жұмысымның тақырыбы «Лизингтік операциялар есебі». Лизинг экономика өмірінінің ең қиын кезеңдеріне қатысады, сатып алу және сату қатынастарын және аренда және займдарды қарастырады. Сондықтан да лизинг түсінігі нақты белгілі бір анықтамада болмайды. Лизинг түсінігі үш негізгі аспектілерді қамтиды: 1. Лизинг маркетингтің белсенді бөлігі ретінде қызмет атқарады: а) машина –техникалық өндіріс ретінде ұйымдастырылады; б) материалдық – техникалық өндірісті қамтамасыз етеді; 2. Лизинг – ішкі нарыққа капитал салу және инвестициялық форманы ұйымдастырады: а) банктік қызметтің жаңа формасы ретінде көрінеді; б) лизинг – лизингтік компанияларды несиесіз қаржыландыру көздері. 3. Лизинг – экономикалық жоспардың ұйымдастыру формасы: а) ұлттық экономикада сыртқы нарықтық бәсекелестікті көтеру; б) мемлекеттің сыртқы қарыздарының көбеюіне жол бермеу. |
Міндетті әлеуметтік сақтандыру | |
«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 3 маусымдағы №423-11 Заңы Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі, 2006 жылғы 20 ақпандағы Зандарына сәйкес өзгерістер мен толықтырулар енгізілген осы Заң мәжбүрлеп таратылу үстіндегі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жасасылған міндетті сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру жағдайлары басталған кезде сақтанушыларға (сактандырылушыларға, пайда алу-шыларға) тиесілі сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының құқықтық жағдайын, кұрылу тәртібін және қызметін, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына қатысу мән-жайларын (шарттылықтарын) айқындауға ат салысады. |
Макроэкономика теориясының негізгі мәселелері | |
Жоспар Кіріспе…………………………………………………………………..3 І. Микроэкономика теориясының макроэкономикадағы рөлі және макорэкономикалық үлгілер……………………………………………………4 1.1 Микроэкономика теориясыныңимакроэкономикадығы рөлі…4 1.2 Макроэкономикалық үлгілер……………………………………5 1.3 Макроэкономикалық тепе – теңдіктің теориялары…………….7 Қорытынды………………………………………………………………9 |
НАРЫҚТЫҚ ДАМУ ТАРИХЫ ЖӘНЕ ТЕОРИЯСЫ | |
НАРЫҚТЫҚ ДАМУ ТАРИХЫ ЖӘНЕ ТЕОРИЯСЫ. Нарықтық экономика –ертеден келе жатқан шаруашылықтың жүргізу құралы,оның дамуының өзіндік бай тарихы бар.нарықтың қалыптасуы айырбас пен қоғамдық еңбек бөлінісінің дамуымен байланысты. Нарық қатынастарының дамуын мынандай негізгі кезеңдерге бқлуге болады: a) Нарық элементтерінің пайда болуы, b) Натуралдық айырбас кезеңі нарығы c) Тауар баламасы кезеңініннарығы d) Тауар емес балама кезеңінін нарығы Бірінші кезеңде айырбас операциялары тұрақсыз, кездейсоқ болады,олар өндірістің шарттары болып табылмайды. Құндық қатынастар, әрбір жеке сауда-саттық көріністерде кездейсоқ болды. Екінші кезеңдегі тауар қозғалысын мына формула бойынша Т2 көрсетуге болады.Балама айырбас көбіне-көп өндірістің шарты бола бастайды.Осының нәтижесінде қоғамдық қажетішығындар категориясы қалыптасады.Құнның субстанциясы әліде болса тауардың бір түрімен біртұтас болып бірігіп кеткен жоқ,сондықтан «таза» құнның иеленушісі болып бірнеше тауарлар көрінуі мүмкін. |
Нарықты сегменттеу, зерттеу | |
ДӘРІС ТЕЗИСТЕРІ Тақырып 1. Нарықты зерттеу және сегменттеудің пәні мен әдістері. Тақырып мақсаты: Нарықты зерттеу және сегменттеудің теориясы және методологиясымен танысу. Сүрақтар: 1. Нарықты зерттеу және сегменттеудің пәні. 2. Ғылымның әдістемесі. 3. Нарықтың жалпы сипаттамасы. 4. Кәзіргі кезде нарықты зерттеу және сегменттеудің алатын орны. Бүгінгі таңдағы ауқымды өзгерістер кезеңі қоғам өмірінің барлық саласын жан-жақты қамтуда. Сол себепті қалыптасқан құрылымды мүлдем жаңартып, зерттеу және сегменттеу-әлеуметтік және рухани дамуға жол ашатын демократиялық қоғам құруға сай зерттеу және сегменттеуны нарықты қатынастарға көшіру міндеті тұр. |
Мүлік салығындағы жеңілдіктер | |
Кiрiспе Салық-халық несiбесi. Бүгiнгi күнi осы бiр ұғымды қатардағы еңбек адамынан бастап салықшылардың өздерiне дейiн қағидаға айналдырып алған сияқты. Қалай десек те бюджет байлығы салық түсiмiне келiп тұр. Бұл ел экономикасына әсер ететiн фактор. Нарықтық қатынастар жағдайында салықтар мемлекеттi қаржыланды-ру қызметi және аппаратын ұстайтын негiзгi қайнар көзi болып табылады. Мемлекет салықтарды пайдалана отырып, елде болып жатқан экономикалық процестерге активтi тұрде қатыса алады. Салықтар есебiнен жиналған ақшалай қаржылар, мемлекетке әлеуметтiк саясат жүргiзуге мүмкiндiк бередi, соның iшiнде өзiнiң өмiр сүру денгейiн минималды денгейде қамтамасыз ете алатын халық топтарына материалды көмек көрсету мүмкiндiгi бар. |
Микроэкономика | |
Кіріспе «Макроэкономика» пәні экономикалық оқу орындарында оқытылатын негізгі теориялық базалық курстың бірі болып есептеледі. Макроэкономика ғылым ретіңде экономикалық құбылыстар мен үрдістерді экономикалық теориялар мен үлгілер түрінде жүйелеп қорытуға арналған. Мұнда экономика біртұтас жүйе ретінде қарастырыла отырып, тауарлар өндірісі мен қызмет көрсетудің жалпы көлемін және оның өсуін, инфляция қарқыны мен жұмыссыздық деңгейін, валюталардың айырбас бағамдары мен төлем балансының жағдайын зерттеді. Макроэкономика экономиканы бір үлкен бүтін құбылыс ретінде қарастыратын ғылым. Ол экономикадағы іс - әрекеттерді біріктіріп жалпылай қарастырады. Белгілі бір уақыт аралығында кейбір фирмалар өндірген өнімдеріне бағаны өсіреді, кейде төмендетеді. Бағаның жиынтық өзгерісін талдау кезінде зерттеушілер көптеген баға өзгерістерінің ішінен орташасын алады. Бағаның экономикадағы жиынтық динамикасын өлшеу үшін баға индексі қолданылады. Макроэкономиканың негізгі мақсаты жеке фирмалар мен жұмысшылардың дамуын қарастыру емес, экономиканың жиынтық беталысын талдаудан тұрады. |
Меншікті капитал | |
Кіріспе. Экономикалық ғылымдардың барлығы бір - бірімен байланысты болса да олардың ішінде бухгалтерлік есеп өз алдына бөлек ғылыми сала. Өйткені, бухгалтерлік есептің мәліметтері мен көрсеткіштері қоғамдық өндірістің дамуын зерттеуде бірден - бір негіз болып табылады. Қоғамдық дамудың нәтижесінде бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуына қойылатын талаптардың өсіп, міндеттердің артып отырғандығы бухгалтерлік есептің тарихынан белгілі. Қазіргі нарықтық экономикаға көшу кезеңінде бухгалтерлік есепке жүктелетін міндеттер жылдан - жылға ауқымдырақ болып келеді. Соған сәйкес қазіргі кезде мемлекет, шаруашылық субъектісі мен жеке тұлғалар арасындағы экономикалық қарым - қатынастар жаңа сипат алып отыр. Бұл сипаттың негізі – пайда табу. Еліміздегі халық шаруашылығының қай саласындағы субъектілер болмасын олар өндірістік, қызмет көрсету, қаржылық іс - әрекетпен айналысу үшін өзін - өзі қаржыландыру принципіне негізделуі тиіс. Ал бұл шаруашылық субъектілердің өздерінің жаңа құрған кәсіпорындарына өмір сүру үшін салым, жарна, пай салу арқылы тыныс берулері болып табылады. Ал бұл жағдай бухгалтерлік есептің «Капитал мен резервтер» атты бөлімінде талданады. Шаруашылық жүргізудің қазіргі жағдайында субъект күрделі экономикалық әрі сенімді ақпараттық басқару жүйесін қалыптастыруды қалайды. Кәсіпорынның меншікті капиталының қалыптасуын ұйымдастырудағы қағидалары қазақстандық бухгалтерлік есеп және халықаралық қаржылық есеп стандартында қарастыруды қажет етеді. Сонымен қатар, меншікті капитал кәсіпорынның қаржылық нәтижесін көрсеткендіктен ол жылдық қаржылық есеп беруде, яғни бухгалтерлік баланста және меншікті капиталдың өзгерісі туралы есеп беруде толық талданады. |