Главная » Файлы » Білім және ғылым |
В разделе материалов: 646 Показано материалов: 461-470 |
Страницы: « 1 2 ... 45 46 47 48 49 ... 64 65 » |
Меншікке салынатын салық | |
Нарықтық экономиканы тереңдету, қоғамдық өмiрiмiзге әрқилы жаңаша өзгерiстер енгiзе отырып, өзiнiң талабын қойып келедi. Президентiмiздiң "Қазақстан-2030” халқымызға арналған жолдауында елiмiздiң экономикалық болашағына айрықша назар аударған. Мұнда көрсетiлген мүмкiндiктер табалдырығына бiз қалай жетемiз? Бұл ретте Елбасының "Қазақстан-2030” жолдауында қойып отырғандай "Егер салық пен жарналарды толық жинай алмасақ, өзiмiздi бiз қуатты мемлекет ретiнде сезiне аламыз ба”-деген сұрағына ерекше көңiл аудару керек. Салық мемлекеттiк құрылымның негiзгi мемлекеттiң тұрақты қаржы көзi, мелекеттiк бюджетке заңды және жеке тұлғалардан белгiлi бiр мөлшерде мiндеттi төлемдер. Салықтар мемлекеттiң пайда болуымен қалыптасады және мемлекеттiк бюджеттiң дамуының негiзi көзi болады. Ал, әлемнiң дамыған елдерiнде салықтар-экономикалық процестi жанама реттеудiң тиiмдi құрамдарының бiрi болып табылады. Сонымен салықтар қазынаны толтырып қана қоймай, өндiрiстi әрi қарай дамытудың белсендi ынталандырушы рөлiн атқару қажет. Олар кәсiпкерлiкке деген ынталы тежеу механизмi болып келмей керiсiнше, оның тиiмдi әрекет етуiнiң бiрден-бiр факторларының ролiн атқарады. |
Менеджмент жүйесі туралы | |
МЕНЕДЖМЕНТТІҢ МАҚСАТЫ, МІНДЕТІ, ОНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ Менеджмент басқарудың мақсатына адамдардың еңбек белсенділігін ынта-ықыласы арқылы көтеріп, олардыңң тиімді жұмысының негізінде жетуді ұйғарады. Ғылымның бұл түрін білу барысында басқарудың мақсаттарын қою мен дәлелдеу үшін нақты білім және тәжірибелік дағды алуға болады, осы мақсаттарға жету жолында персоналдың күш-қуатын жинастыруға, ғылыми дәлелденген шешімдерді қабылдауға, кадрлар жұмысын жүйелеуге, кәсіпорындарды біртұтас жүйе түрінде басқаруға мүмкіндік береді. Әртүрлі ғылымдар секілді менеджменттің де теориясы болады, онда осы пәнге тән қасиеттер, міндеттер, категориялар, заңдылықтар, принциптер, әдістер, функциялар және өзінің ізденіс жолы қамтылады. Басқару адамдардың парасаттылық нысаналы іс-қызметінің көмегімен қоршаған әлемді бағындыру және тіртіпке келтіру жұмысынан тұратындығы бұрыннан белгілі. Менеджмент – басқарудың маңызды құрамдас бөлігі, оның пәні басқару үрдісіндегі әлеуметтік қатынастардан тұрады. Сөйтіп, менеджменттің ғылым ретінде айналыфсатын пәні басқару үрдісінідегі адамдардың арасындағы қалыптасатын қатынастар. Менеджментті кәсіпкерлік іс-қызметтің түрі деп қарастыруға да болады. Осы көзқарасқа қарай менеджментті алдын-ала белгіленген экономикалық нәтижеге жеті үшін адамдардың күш-қуатын нысаналы түрде шоғырландыруды ұйғаратын іс-қызметтің бір түрі деп түсінген дұрыс. |
Мемлекеттің қаржы жүйесі мемлекеттік бюджеттің теориялық негiзi | |
Экономикалық категория ретiнде мемлекеттiк бюджет қоғамдық өнiм құнының мемлекеттің орталықтандырылғын қаражат қорын құру жолымен жоспарлы түрде бөлу, қайта бөлу процесiнде және оны ұдайы өндiрiстi ұлғайту, қоғамдық қажеттердi қанағаттандыруға пайдалану барысында мемлекет пен қоғамдық өндiрiске басқа да қатысушылардың арасында қалыптасқан ақша қатынастарын белгiлейдi. Бюджет экономикаға бюджет механизiмi арқылы ықпал етедi. Мұнда бюджеттің бүкiл экономикаға ықпал құралы ретiндегi рөлi көрiнедi. Бюджет механизiмi -мемлекеттің ақшалай қаражаттарының орталықтандырылған қорын құру және пайдалану формалары мен әдiстерiнің жиынтығы. Экономиканы реттеу орталықтандырылған қаражат қорының көлемiн белгiлеу, оны құру, пайдалану формалыры мен әдiстерiн реттеу, бюджеттi құру және орындау процесiндегi қаржы ресурстарын қайта бөлiске салу жолымен жүзеге асырылады. |
Мемлекеттің ақша-несие саясатының дамуы | |
Мемлекеттің ақша-несие саясатының дамуы. Соңғы жылдары экономиканы комплексті реформалау арқасында Қазақстанның қаржы секторы ТМД елдерінің қаржы жүйесінің ішіндегі жоғары дамыған және ашық болып табылады. Қазіргі кезде қаржы секторын дамыту концепциясы жүзеге асырылып келеді.Оның мақсаты әлемдік, сонымен қатар ЕС стандарттарын енгізу.Сонымен қатар тәелсіз және тиімді қаржылық қадағалау жүйесі жүзеге асырылуда, ТМД елдерінің арасында жалғыз Орталық Банк жасалған.Оның жұмысы Орталық Банктің классикалық қызметтеріне бағытталған. |
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры | |
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ - жарғылық капиталына мемлекеттің жүз пайыз қатысуымен "Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қоры" акционерлiк қоғамын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 ақпандағы N 237 қаулысына сәйкес құрылды. Қордың Жарғылық капиталы республикалық бюджет қаржысынан қалыптасады және 45 950 000 теңгені құрайды. Қордың жарғылық капиталын көбейту Қазақстан Республикасы заңнамасымен қарастырылған тәртіппен соттың немесе жалғыз акционердің шешімі негізінде жүргізілуі мүмкін. |
Мемлекеттік бюджеттің қалыптасуындағы мемлекеттік баж | |
Нарықтық қатынастар жағдайында салық жүйесі экономиканы мемле- кеттік реттеудің негізгі қаржы-несие механизмі, ең маңызды реттеушілердің бірі болып табылады. Салық саясаты облысындағы негізгі бағыт - мемлекет пен салық төлеушілер арасындағы қатынастардың жаңа типін қалыптастыру басты негізде салық жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі он жылдан астам уақыт бойы әрекет етуде және де осы уақытқа дейін қатаң сынаудың обьектісі болуын жалғастырып келеді. Еліміздің жеке салық қызметінің ұйымдасқан күніне бастағандығы он жыл ішінде біздің тәуелсіз мемлекетіміздің салық жүйесін қалыптастырып және оның, әрі қарай дамуына сәйкес біршама жұмыстар атқарылады. Жалпы бұл курстық жұмыстың мақсаты – Қазақстан Республикасының салық жүйесіндегі мемлекеттік баждың мәнін ашу, оның бюджетке деген үлесін анықтау, қажеттілігін айқындау және оны жетілдіру жолдарын қарастыру. Осы мақсатқа сүйене отырып біз келесідей шаралар жиынын құрғанымыз жөн: салықтың маңызы мен мәнін ашу; |
Мемлекеттік бюджеттің қалыптасуындағы кедендік алымдар | |
Кеденнiң аса бiр маңызды мiндетi- кедендiк алым - салық жинау. Мекеменiң экономикалық бағытын анықтайтын ерекше мiндетi болғандықтан сондай-ақ,, бюджетке кiретiн табыстың едәуiр бөлiгi алым - салықтан түседi. Кемелiне жеткен елдерде оның мөлшерi 20-25%, ал жаңа өркендей бастаған елдерде 80%-ке дейiн барады. Бiздiң кеден саясатымыз Қазақстан Республикасының "Кедендiк тарих және алым - салық" Заңына, сыртқы экономикалық қарым - қатынас мәселесiне арналған Республика Президентiнiң жарлығы мен үкiмет шешiмдерi мен негiзделген. Ал сапасыз импортқа келетiн болсақ оған тосқауыл жасауға кеденнiң шамасы жетедi, мәселен бiз шетел арағына жанама және шекара салығын өсiрдiк те тұтынушылар мен арақ-шарап өнiмдерiн шығаратын кәсiпорындарының мүддесiн қорғап отырмыз. Қазақстан Республикасында қолданылатын сыртқы экономикалық қызметтiң тауар номенклатурасына сәйкес өлшем бiрлiгi кедендiк баждың өзiндiк ерекше ставкалары белгiленген тауарлар бойынша кедендiк баждар салуға араналған база болып табылады. |
Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарының құрамы мен құрылымы | |
Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарының құрамы мен құрылымы Мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты болып келетін бюджеттің жұмыс жасауы ерекше экономикалық нысандар— бюджеттің кірістері мен шығыстары арқылы болып отырады. Олар құндық бөліністің жеке көздерін білдіреді. Категориялардың екеуі де бюджеттің өзі сияқты объективті және олардың өзгеше қоғамдық арналымы болады: кірістер мемлекетті қажетті ақша қаражаттарымен қамтамасыз етеді, шығыстар орталықтандырылған ресурстарды жалпы мемлекеттік қажеттіліктерге сәйкес бөледі. Бюджеттің түсімдері кірістер, бюджеттік кредиттерді өтеу, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер, сондай-ақ мемлекеттік қарыздар, ал оның шығыстары шығындар, бюджеттік кредиттер, қаржы активтерін сатып алу, қарыздар бойынша негізгі борышты өтеу болып табылады. |
Мемлекеттік бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер төлемақыларды есептеу және рәсімдеу әдістері | |
Кіріспе Кез келген басқа экономикалық категория сияқты, мемлекеттiк бюджет өндiрiстiк қатынастарыды бейнелеп, соған лайық метериалдық –заттық көрiнiс табады. Бюджет қатынастары мемлекеттiң ақшалай қаражаттарының орталықтандырылған қорында –бюджет қорында заттанады. Нәтижесiнде қоғамда жүрiп жатқан нақты экономикалық процестерi мемлекет жұмылдырып, пайдаланатын қаражат тасқынынан көрiнедi. Бюджет –қоры қоғамдық өнiммен ұлттық табыстың құндық бөлiнiсiнiң тиiстi кезеңдерiнен өтiп, ұдайы өндiрiстi ұлғайтып, халыққа әлеуметтiк- мәдени қызмет көрсету, қорғаныс, басқару жөнiнде қажеттердi қанағаттандыру үшiн мемлекет қарамағына түскен бөлiгiнiң объективтi алғы-шарты бар экономикалық формасы. Бюджет қорын қалыптастыру мен пайдалану, бөлу және қайта бөлуге байланысты болатын құн қозғалысының процесiн бiлдiредi. |
Нарықтық экономикадағы қаржылық жоспарлаудың ерекшеліктері | |
Қаржылық жоспарлау мен болжау бұл қаржы механизмінің қосалқы жүйесі, саналы басқарудың аса маңызды элементтерінің бірі және әлеуметтік экономикалық жоспарлаудың құрамды бөлігі. Олар экономиканың үйлесімді және тепе теңдік дамуына жетуге, біртұтас ұлттық шаруашылық кешенінің барлық буындарының қызметін үлестіруге, қоғамдық өндіріс өсуінің жоғарғы қарқынын қамтамасыз етуге, халықты әлеуметтік қорғауға бағытталған. Қаржылық жоспарлаудың өзіндік ерекшелігі сол, бұл жоспарлау өндірістің материалдық заттай элементтері турасында, ақшамен қоғамдық ұдайы өндіріске белсенді ықпал жасау турасында ақша қозғалысының салыстырмалы дербестігімен шарттасылған ақша нысанында жүзеге асырылады. |