Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Ақпарат танымдық порталы

Бейсенбі, 19.06.2025
Главная » Файлы » Білім және ғылым

В разделе материалов: 646
Показано материалов: 481-490
Страницы: « 1 2 ... 47 48 49 50 51 ... 64 65 »

Салық және салық салу, бухгалтерлік есеп лекциялары
Енгізген: ERbol | күні: 12.07.2011

Мүлік салығы
 Қаралатын сұрақтар:
 1 Заңды тұлғалар мен кәсіпкерлерге салынатын мүлік салығы.
 2 Жеке тұлғалардың мүлік салығы
 3 Мүлік салығының ставкалары мен төлеу тәртібі

 Салықты есептеу тәртiбi
 1. Салық төлеушiлер салық салу объектiлерiң, әрбiр көлiк құралы бойынша салық ставкасын және түзету коэффициенттерiн негiзге ала отырып, салық кезеңi үшiн салық сомасын дербес есептейдi.
 Көлiк құралы меншiк құқығында, шаруашылық жүргiзу құқығында немесе оралымды басқару құқығында салық кезеңiнен аз уақыт болған жағдайда салық сомасы көлiк құралы меншiк құқығында, шаруашылық жүргiзу құқығында немесе оралымды басқару құқығында болған кезең үшiн салықтың жылдық сомасын 12-гe бөлiп, оны көлiк құралы меншiк құқығында, шаруашылық жүргiзу құқығында немесе оралымды басқару құқығында iс жүзiнде болған айлардың санына көбейту арқылы есептеледi.

Салық кодексіндегі өзгерістерді талдау
Енгізген: ERbol | күні: 12.07.2011

Казіргі кездегі салық кодексіндегі өзгерістерді талдау

 Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы «Қазақстан халдқының әл ауқатын аттырумемлекеттік саясаттың басты мақсаты» - Макроэкономикалық саясаттың басымдықтары туралы. Былай делінген:
 Үкімет, Ұлттық банк, Қаржылық бақылау агенттігі мемлекеттің қаржылық тұрақсыздық қатерлеріне қарсы жүйелі де жедел іс-қимылдар жасауының ықпалды тетігін қалыптастырып, халықаралық рыноктардың Қазақстан экономикасына деген сенімін нығайтуы керек. Салық жүйесін Қазақстанның жаңа сатыдағы дамуының міндеттерімен сәйкестендіру қажет.

Салық міндеттемесін орындау және тоқтату әдістері
Енгізген: ERbol | күні: 12.07.2011

Салық төлеушiнiң салық заңдарына сәйкес мемлекет алдында туындаған мiндеттемесi салық мiндеттемесi деп танылады. Салық кодексінің 24-бабына сәйкес салық төлеушінің мемлекет алдында туындаған міндеттемесі салық міндеттемесі болып табылады және міндетті:
 - салық оранына тіркеу есебіне тұруға,
 - салық салу объектілері мен салық салуға байланысты объектілерді айқындауға,
 - салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеуге,
 - салық есептілігін жасауға,
 - оны белгіленген мерзімдерде табыс етуге,
 - салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуге міндетті.

Салық менеджменті туралы
Енгізген: ERbol | күні: 11.07.2011

1. Оқытушы туралы мәлімет Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті «Қаржы» кафедрасының аға оқытушысы:
 Дулатбекова Жанар Абдираевна . Қызметтік сымтетігі: 53-24, 801 кабинет.

 2. Cалық менеджменті – 3 кредит

 3. Оқу пәндерінің деректемелері (пререквизиты и постреквизиты)
 Преквезиттер
 Экономикалық теория
 Макроэкономика
 Менеджмент негіздері
 Бухгалтерлік есеп
 Салық және салық салу
 Қаржы

Салық салу
Енгізген: ERbol | күні: 11.07.2011

Жоспар:
 Кіріспе
 Негізгі бөлім
 1.1. Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі даму және құрылу кезеңдері
 Қорытынды

Салық тексерістері туралы
Енгізген: ERbol | күні: 11.07.2011

Салық түсімдерінің арқасында өмір сүретін мемлекет, бюджетке ақша қаражатының толық және дұрыс түсуін қадағалайды. Осы тапсырманың орындалуын әрдайым мемлекет тарапынан қадағалап, бақылау жасап отыру керек. Осындай мемлекеттік бақылауды басқару механизімі тарапынан қаралады. Соның арқасында салықтық тексеру мемлекеттік бақылаудың ең жақсы ұйымдастырылған түрі болып келеді.
 Салық - мемлекеттiң бекiтуi. Тек сол ғана азаматтарды белгiлi бiр көлемде ақшалай қаржыларды беруге мiндеттi. Қазақстан Республикасында салықты төлеу мiндеттемелерi азаматтардың Конституциялық мiндеттемелерiнiң қатарына жатады. Осыған байланысты мемлекет саяси үкiмет субъект өкiлдiгiне сүйене отырып әрекет етедi.

Салықтардың экономикалық мәні
Енгізген: ERbol | күні: 11.07.2011

САЛЫҚТАРДЫҢ ӘКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ
 Салықтар - қаржының алғашқы санаты Салықтардың айырым белгілері
 Салықтар - бұл, белгіленген мөлшерде және көрсетілген мерзімдерде мемлекеттің өзінің қызметтері мен міндеттерін жүзеге асыруының көзі болып табылатын ұлттық табыстың бір бөлігі.
 Салықтар қаржының алғашқы санаты (категориясы) болып табылады.
 Салықтар мемлекеттің құрылуымен қатар қалыптасады және мемлекеттің өмір сүруінің, дамуының негізі болып табылады.

Салықтық жоспарлаудың теориялық негіздері мен нысандары
Енгізген: ERbol | күні: 11.07.2011

САЛЫҚТЫҚ ЖОСПАРЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ МЕН НЫСАНДАРЫ

 Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімді «Қазақстан - 2030» даму стратегиясының басым бағыттарында сипатталғандай, жоғарғы дәрежелі өркениетті нарықта экономикалық өсудің нақты тұрақты өсу қарқынына қол жеткізу барысында салықтық жоспарлау маңызды орынға ие. Аталмыш басым бағыттарды жүзеге асыруды бір жағынан салық әкімшілігін, оның ішінде салықтық жоспарлауды жетілдіру арқылы жүргізуге болады. Сондықтан салықтық жоспарлауды теориялық тұрғыдан талдау өзекті мәселелердің санатына жатады.
 Жалпы алғанда салықты жоспарлау – ең аз шығынмен ең жоғарғы қаржылық нәтижеге жету үшін салық салу жүйесін ұйымдастыру.
 Салықтық жоспарлау салық салуды тиімді етуді, салық төлемдерін кемелдендірудің жағдайлы схемаларын әзірлеуді, түрлі басқарушылық шешімдердің салықтық салдарын уақытылы талдау үшін салық салуды ұйымдастыруды білдіреді. Салықтық жоспарлау аясында салық төлемдерін жоспарлау кәсіпорынға қолда бар ресурстарын тиімдірек басқаруға мүмкіндік береді.
 Салықтық жоспарлауға негіз болып мемлекеттің салық, бюджет, инвестициялық саясаттарының негізгі даму бағыттарын ескеру; кәсіпорынның есеп саясатын жүргізу; заң бойынша белгіленген барлық салық жеңілдіктерін толық және дұрыс қолдана отырып, салық төлеушінің салық міндеттемесін орындау; салық төлеу мерзімін ұзарту, салық және инвестициялық жеңілдіктерді алу мүмкіндігін бағалау, т.б. тәрізді факторлар танылады.

Салықтың қызметі
Енгізген: ERbol | күні: 11.07.2011

Салықтардың қызметтері
 Салықтың мәні оның атңаратын қызметіне тікелей қатыс-ты. Ескере кететін жай, қаржы санаты түрғысынан алғанда Салықтар түгелімен қосалқы санат болып табылады, сондыңтан қаржымен салыстырғанда Салықтар қызметтерін қаржының бөліп тарату қызметінің бөлігі ретінде ңарастыруға болады.
 1. Қаражаттың мемлекеттік бюджетке түсуін қамтамасыз ететін салықтың қазыналық (фискалдьщ) қызметі тарихи түрде бірінші болып табылады. Тауарлық-ақша ңатынастарының даму шамасы бойынша бұл қызмет мемлекетке түсетін барлың ақша кірісін анықтайды.
 2. Салықтың бөліп тарату қызметі шаруашылық субъектіле-рінің әр түрлі кіріс бөліктерін мемлекет пайдасына қайта бөлуден түрады. Бұл қызметтегі әрекеттер ауңымы жалпы ішкі өнімдегі Салықтар үлесімен анықталады; ол ұлттық кірісті мемлекеттікі ету деңгейінкөрсетеді: бұл үлес 1997жылы 19,7%, 1998 жылы 16,6%, 1999 жылы 17,4%, 2000 жылы 22,6% болды. Салық жинай оты-рып мемлекет сол арқылы экономиканың әр түрлі саласына әсерін тигізеді, әлеуметтік саясатты жүзеге асырады, халық, аудан топ-тары арасындағы кірісті қайта беледі, түрмысы төмендерге демеушілік көрсетеді және т.б.
 3. Салықтың реттеушілік қызметі - ол мемлекеттің эконо-микалық қызметінің үлғайған кезінде туындайды. Ол мақсат-ты бағытталған түрде қабылданатын бағдарламаларға сәйкес ұлттың шаруашылықтың дамуына эсер етеді. Бұл орайда, са-лыктың нысандарын таңдау, олардың мөлшерлемелерін алу, жеңілдіктер мен төмендету әдістерін өзгерту қолданылады. Бұл реттегіштер қоғамдық ендіріс құрылысы мен пропорциялары-на, жинақтау көлемдеріне эсер етеді.

Сақтандыру
Енгізген: ERbol | күні: 11.07.2011

Кiрiспе
 Ежелгi тұрмыс уақытысынан бастап, адамзат мүлiкке ие бола бастаған уақыттан, ол оны ұрлау, өрттену қаупi, су алып кету, басқа да жағдайлардан сақтану жайлы ойлай бастады.
 Өндiргiш күштер дамыған сайын және материалдық байлық жинақталған сайын өндiрiстiк қоғамда әр меншiк иесiнде өз мүлкi үшiн сабырсыздық, және тәуекелдiк факторлары белең ала бастады.
 Өмiрлiк тәжiрибе көрсеткенде, алапат құбылыс кезiнде үлкен аймақтың өзiнде шаруашылықтың барлығы шығынға Үшырамайды, және алапат құбылыс сирек кездесетiн құбылыс. Бұл жағдай жеке материалдық немесе ақшалай резерв құру емес, жинақтау жасау, бiрақ қоғамдық кассаға қатысушылар көп болған сайын, әрқайсысына аз бөлiгi берiледi.