Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Ақпарат танымдық порталы

Жұма, 03.05.2024
Главная » Файлы » Әдебиет әлемі

В разделе материалов: 71
Показано материалов: 21-30
Страницы: « 1 2 3 4 5 ... 7 8 »

Алты түлкі
Енгізген: ERbol | күні: 16.08.2011

Бұрынғы уақытта алты түлкі жолдас болыпты. Алтауының біреуінің құйрығы шолақ екен. Ана құйрығы ұзын бес түлкі: «Сенің құйрығың жоқ»,— деп келеке қылып, күле беріпті. Сол уақытта шолақ түлкі: «Осыларды, мен осы бес түлкінің қандай қылып құйрықтарын шолақ қылып өзіме тең қылып қоямын»,— деп ойлап келіп, тапқан ақылы. Сонда бес түлкіге айтты:

Демокрит
Енгізген: ERbol | күні: 23.07.2011

 Ежелгі грек топырағынан төрткүл дүниені тамсандырған небір дара бітімді даналар шыққаны мәлім.Соның бірі-Демокрит.Ұлы ойшылдың туған,өлген жылы туралы толық мәлімет жоқ.Антисфеннің айтуынша,Демокрит жүзден артық жасаған;ал Гиппарх жүз тоғыз жасында қайтыс болды дейді.Біз ғылым соңғы кезде ден қойып жүрген пікірге жүгіндік,яғни ол біздің дәуірімізге дейінгі 463-360 жылдар аралығында өмір сүрген.Абдера шаһарында дүниеге келген,әкесі әлеуетті бай адам болған.Бірақ Демокрит рақат-байлықты тәрк етіп,бүкіл ғұмырын дүниенің сырын танып,даналықты меңгеруге арнайды.Демокрит ағайынды үш жігіттің кенжесі екен,әкеден қалған мұраны бөліскенде,жол жүруге қажет болғандықтан, ең аз болса да мүліктің ақша түріндегі бөлігін алады.Үлесіні тиген азын-аулақ қаржымен ғылым іздеп сапарға аттанады.Дүниенің төрт бұрышын шарлап Мысырға барады, ғұлама-абыздардың дәрісін тыңдап,геометрияны меңгереді;Парсының халдейлері-әулие-көріпкелдерінің өнерін үйренеді;Үндістандағы гимнософистермен де араласады;Эфиопияға дейін сапар шегеді.

Жамбыл Жабаев
Енгізген: ERbol | күні: 23.07.2011

                                                                   Жамбыл Жабаев
                                                                   (1846-1946)
Екі ғасырдың куәсі, жыршы-жырау, халық ақыны, ірі айтыскер ақын Жамбыл Жабаев 1846 жылы 28 ақпанда қазіргі Жамбыл облысы, Жамбыл тауының етегінде дүниеге келді.
            Ұстазы Сүйінбайдан бата алған Жамбыл Бақтыбай, Сары, Сарбас, Досмағамбет, Құланаян Құлмамбет, Шашубаймен айтысып, оларды жеңгеннен кейін Жетісудің ерен жүйрік ақыны аталады.
Бұл айтыстарда ақын қарапайым халықтың мұңын мұңдап, жоғын
жоқтайды.

Ілияс Жансүгіров
Енгізген: ERbol | күні: 23.07.2011

Ілияс Жансүгіров – ақын, драмашы, прозашы, оның поэзиясы ұлттық әдебиеттің классикалық байлығының қатарына жатады. Ақынның терең идеялы, көркем мүсінді, эпикалық кең тынысты шығармаларының танымдық, тәрбиелік мәні зор.Олар қалың оқырманның ойына ой, сезіміне сезім қосады, қиялына қанат бітіреді, эстетикалық ләззат беріп, гуманистік адамгершілік идеяларды толғайды.

Ілияс Жансүгіров 1894 жылы бұрынғы Қапал уезі, Ақсу болысында ( қазіргі Тадықорган облысы, Ақсу ауданы) туған.Ескіше хат танитын, шағатай тілдеріндегі кітаптарды жинайтын, аңыз-ертегілерді, батырлық жырларды, тарихи оқиғаларды, әңгіме-шежірелерді жақсы білетін, көкерегі ояу, көзі қарақты, әр түрлі өнерді ұстаған әңгімеші, домбырашы, ұста, көшелі Жансүгір анасынан ерте қалған Ілиясты жетімсіретпей, еркелетіп, жақсы үлгі көрсетіп, тәрбиелеп өсіреді.


Бірінші сөз
Енгізген: ERbol | күні: 23.07.2011

Бұл жасқа келгенше жақсы өткіздік пе, жаман өткіздік пе, әйтеуір бірталай өмірімізді өткіздік: алыстық, жұлыстық, айтыстық, тартыстық - әурешілікті көре-көре келдік. Енді жер ортасы жасқа келдік: қажыдық, жалықтық; қылып жүрген ісіміздің баянсызын, байлаусызын көрдік, бәрі қоршылық екенін білдік. Ал, енді қалған өмірімізді қайтіп, не қылып өткіземіз? Соны таба алмай өзім де қайранмын.

Ел бағу? Жоқ, елге бағым жоқ. Бағусыз дертке ұшырайын деген кісі бақпаса, не албыртқан, көңілі басылмаған жастар бағамын демесе, бізді құдай сақтасын!

Мал бағу? Жоқ, баға алмаймын. Балалар өздеріне керегінше өздері бағар. Енді қартайғанда қызығын өзің түгел көре алмайтұғын, ұры, залым, тілемсектердің азығын бағып беремін деп, қалған аз ғана өмірімді қор қылар жайым жоқ.


Екінші сөз
Енгізген: ERbol | күні: 23.07.2011

Мен бала күнімде естуші едім, біздің қазақ сартты көрсе, күлуші еді «енеңді ұрайын, кең қолтық, шүлдіреген тәжік, Арқадан үй төбесіне саламын деп, қамыс артқан, бұтадан қорыққан, көз көргенде «әке-үке» десіп, шығып кетсе, қызын боқтасқан, «сарт-сұрт деген осы» деп. Ноғайды көрсе, оны да боқтап күлуші еді: «түйеден қорыққан ноғай, атқа мінсе - шаршап, жаяу жүрсе - демін алады, ноғай дегенше, ноқай десеңші, түкке ыңғайы келмейді, солдат ноғай, қашқын ноғай, башалшік ноғай» деп. Орысқа да күлуші еді: «ауылды көрсе шапқан, жаман сасыр бас орыс» деп.

Орыс ойына келгенін қылады деген... не айтса соған нанады, «ұзын құлақты тауып бер депті» деп.

Сонда мен ойлаушы едім: ей, құдай-ай, бізден басқа халықтың бәрі антұрған, жаман келеді екен, ең тәуір халық біз екенбіз деп, әлгі айтылмыш сөздерді бір үлкен қызық көріп, қуанып күлуші едім.


Үшінші сөз
Енгізген: ERbol | күні: 23.07.2011

Қазақтың бірінің біріне қаскүнем болмағының, бірінің тілеуін бірі тілеспейтұғынының, рас сөзі аз болатұғынының, қызметке таласқыш болатұғынының, өздерінің жалқау болатұғынының себебі не? Һәмма ғаламға белгілі данышпандар әлдеқашан байқаған: әрбір жалқау кісі қорқақ, қайратсыз тартады; әрбір қайратсыз қорқақ, мақтаншақ келеді; әрбір мақтаншақ қорқақ, ақылсыз, надан келеді; әрбір ақылсыз надан, арсыз келеді; әрбір арсыз жалқаудан сұрамсақ, өзі тойымсыз, өнерсіз, ешкімге  достығы  жоқ жандар  шығады.

Мұның бәрі төрт аяқты малды көбейтеміннен басқа ойының жоқтығынан, өзге егін, сауда, өнер, ғылым - солар секілді нәрселерге салынса, бұлай болмас еді. Әрбір мал іздеген малым көп болса, өзімдікі де, балаларым да малды болса екен дейді. Ол мал көбейсе, малшыларға бақтырмақ, өздері етке, қымызға тойып, сұлуды жайлап, жүйрікті байлап отырмақ. Қыстауы тарлық қылса, арызы жеткендік, сыйы өткендік, байлық қызметінен біреудің қыстауын сатып алмақ, ептеп алмақ, тартып алмақ. Ол қыстауынан айырылған және біреуге тиіспек, я болмаса орынсыздығынан елден  кетпек - әр қазақтың ойы осы.


Төртінші сөз
Енгізген: ERbol | күні: 23.07.2011

Әрбір байқаған адам білсе керек: күлкі өзі бір мастық екенін, әрбір мас кісіден ғафил көп өтетұғынын да, әрбір мастың сөйлеген кезінде бас ауыртатұғынын. Бұлай болғанда, күлкіге салынған кісі не шаруадан, не ақылдан, не бір ұят келерлік істен құр, ғафил көп өткізіп отырса керек. Осындай ғафилдік көп өткізіп, өлмеген кісінің не дүниеде, не ахиретте басы бір ауырмай қалмаса керек.

Әрбір уайым-қайғы ойлағыш кісі не дүние шаруасына, не ахирет шаруасына өзгеден жинақырақ болса керек. Әрбір жинақылықтың түбі кәніш болса керек. Енді олай болғанда, үнемі уайым-қайғыменен жүре аламыз ба? Үнемі күлмей жүруге жан шыдай ма екен? Жоқ, мен үнемі уайым-қайғыменен бол демеймін. Уайым-қайғысыздығыңа уайым-қайғы қыл дағы, сол уайым-қайғысыздықтан құтыларлық орынды харекет табу керек һәм қылу керек. Әрбір орынды харекет өзі де уайым-қайғыны азайтады, орынсыз күлкіменен азайтпа, орынды харекетпен азайт!


Бесінші сөз
Енгізген: ERbol | күні: 23.07.2011

Көкірек толған қайғы кісінің өзіне де билетпейді, бойды шымырлатып, буынды құртып, я көзден жас болып ағады, я тілден сөз болып ағады. Қазақтар: «Ә, құдай, жас баладай қайғысыз қыла гөр!» деп тілек тілегенін өзім көрдім. Онысы - жас баладан гөрі өзі есті кісі болып, ескермес нәрсесі жоқсып, қайғылы кісі болғансығаны. Қайғысы не десең, мақалдарынан танырсың: әуелі - «Түстік өмірің болса, күндік мал жи», «Өзіңде жоқ болса, әкең де жат», «Мал - адамның бауыр еті», «Малдының беті - жарық, малсыздың беті - шарық», «Ер азығы мен бөрі азығы жолда», «Ердің малы елде, еріккенде қолда», «Берген перде бұзар», «Алаған қолым - береген», «Мал тапқан ердің жазығы жоқ», «Байдан үмітсіз - құдайдан үмітсіз», «Қарның ашса, қаралы үйге шап», «Қайраны жоқ көлден без, қайыры жоқ елден без» деген осындай сөздері көп, есепсіз толып жатыр

Алтыншы сөз
Енгізген: ERbol | күні: 23.07.2011

Қазақтың бір мақалы: «Өнер алды - бірлік, ырыс алды -тірлік» дейді. Бірлік қандай елде болады, қайтсе тату болады - білмейді. Қазақ ойлайды: бірлік - ат ортақ, ас ортақ, киім ортақ, дәулет ортақ болса екен дейді. Олай болғанда байлықтан не пайда, кедейліктен не залал? Ағайын құрымай мал іздеп не керек? Жоқ, бірлік - ақылға бірлік, малға бірлік емес. Малыңды беріп отырсаң, атасы басқа, діні басқа, күні басқалар да жалданып бірлік қылады! Бірлік малға сатылса, антұрғандықтың басы осы. Ағайын алмай бірлік қылса керек, сонда әркім несібесін құдайдан тілейді, әйтпесе құдайдан тілемейді, шаруа іздемейді. Әуелі біріне-бірі пәле іздейді. Не түсін, не ажарын, не өкпесін бұлдап, ол болмаса, бір пәле салып, қорғалатып, әйтеуір бірін-бірі алдаудың амалын іздеседі. Мұның қай жерінен бірлік шықты?